Жаңа бағдарлама Дүниежүзі тарихы 8 сынып КТЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңа мазмұны бойынша 2018-2019 оқу жылына арналған


Жаңартылған оқу бағдарлама (7 сынып бағдарламасы)
негізіндегі «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша
8 сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Бөлімдер Тақырыптыр Сағат саны Оқу мақсаттары
I тоқсан (8сағат)
1-бөлім
Жаңа заманның басталуы Курсқа кіріспе.
XVII ғасырдың ортасындағы Ағылшын бұржуазиялық революциясы қандай маңызға ие болды? 2 7.4.2.3 дүниежүзі тарихының жаңа кезеңін сипаттау үшін «жаңа заман» ұғымын қолдану;
7.3.2.1 — Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;
7.1.1.1 — «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін қолдану;
7.1.2.1 — экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау
Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті? 1 7.4.1.1 — себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру;
7.1.1.2 — мануфактура, фабрикалардың пайда болуы мен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау;
7.4.1.2 — Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің рөлін сипаттау;
7.4.2.2 — қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау
2-бөлім
XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания Ағылшындар
саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды? 2 7.2.2.1 — тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;
7.1.1.3 — Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония);
7.3.2.6 — еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
7.4.1.4 — «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру
3-бөлім Ағартушылық идеяларының таралуы Ағартушылық дәуірдің қандай идеялары еуропалық монархтардың қызметінде көрініс тапты? 1 7.2.1.1 — қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау;
7.2.3.2 — Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау
Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті? 1 7.3.2.7 еуропалық революциялардың солтүстікамерикалық қоғамның дамуына ықпалын сипаттау;
7.2.3.2 — Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау;
7.3.1.1 — республикалық басқару құрылымның ерекшеліктерін анықтау
Тоқсандықжиынтықбағалау (ТЖБ) 1 Iтоқсанбойыншаоқумақсаттары
2 -тоқсан (8 сағат)
4-бөлім
Француз бұржуазиялықреволюциясы
ның көрінісі 1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды? 2 7.3.2.1 — Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;
7.1.2.1 — экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау; 7.1.1.1 — «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын тарихи оқиғаны жан-жақты түсіндіру үшін қолдану
Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды? 1 7.2.2.1 — тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;
7.2.2.2 — өнердегі негізгі стильдер мен ағымдардың белгілерін (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;
7.3.1.1 — республикалық құрылымның ерекшеліктерін анықтау
Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды? 1 7.2.2.1 — тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;
7.3.2.4 — империалистік соғыстардың әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалау (Наполеон соғыстары мысалында);
7.2.3.2 — Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау
5-бөлім
XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы Ресей мен Британия Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды? 1 7.3.2.2 – XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау;
7.4.2.1 — түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру
Танзимат саясаты Осман империясын күшейтуге әсер етті ме? 1 7.4.2.1 — түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін салыстыру;
7.3.2.2 — XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау
Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды? 1 7.3.2.2 — XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау
Тоқсандықжиынтықбағалау (ТЖБ) 1 IIтоқсанбойыншаоқумақсаттары
3–тоқсан (10 сағат)
6-бөлім
XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз? 1 7.3.2.2 — XVIII — XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау
Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?
2 7.1.1.3 — еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;
7.2.1.2 — миссионерліктің міндеттерін анықтау;
7.3.2.6 — еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
7.4.1.4 — «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру
7-бөлім Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері 1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды? 1 7.3.2.1 — Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялар дың себептерін сипаттау;
7.1.2.1 — экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;
7.2.3.2 — Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау;
7.2.3.3 -К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіндіру;
7.3.2.5 — тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану
Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады? 1 7.3.1.4 — әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау;
7.3.2.5 — тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану
8-бөлім
XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды? 2 7.2.3.1 — Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау;
7.3.1.3 — тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану
9-бөлім
XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік 1857-1859 жылдардағы. Үндістандағы оқиғаларды XIX ғасырдағы британдықтар мен қазіргі кездегі үндістер қалай баяндайды? 1 7.1.1.3 — Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау
7.3.2.6 — еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау
Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты? 1 7.3.2.6 — еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
7.3.2.3 — отаршылдық экспансияның салдарын талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси картасындағы негізгі өзгерістерді анықтау
Тоқсандықжиынтықбағалау (ТЖБ) 1 IIIтоқсанбойыншаоқумақсаттары
4 -тоқсан (8 сағат)
10-бөлім Америка Құрама Штаттарының күшеюі АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді? 1 7.3.1.2 — XIX ғасырдағы Америка Құрама Штаттары территориясының кеңею үдерісін сипаттау
АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? 1 7.1.2.2 — трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау;
7.4.2.1 — түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау
Неліктен АҚШ өз әскери кемелерін Жапонияға жіберді? 1 7.4.1.3 — АҚШ-ғы капиталистік монополиялардың даму ерекшеліктерін анықтау;
7.3.2.6 — еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
7.4.2.2 — қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау;
7.2.1.2 — миссионерліктің міндеттерін анықтау
11-бөлім
Суретшілер мен жазушылардың көзқарасымен
XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? 1 7.2.2.2 — өнердегі негізгі стильдер мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;
7.2.2.1 — тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану
Эмиль Золяның «Мен айыптаймын!» атты мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді? 1 7.2.2.1 — тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;
7.3.2.5 — тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану
12-бөлім
Ғылыми ойдың дамуы
XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды?
2 7.2.4.1 — өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау;
7.2.1.1 — қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау
Тоқсандықжиынтықбағалау (ТЖБ) 1 IVтоқсанбойыншаоқумақсаттары