Жаңа бағдарлама Қазақстан тарихы 8 сынып КТЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңа мазмұны бойынша 2018-2019 оқу жылына арналған


«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІНЕН 8 (7)-СЫНЫПТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
жылына 68 с, аптасына 2 c.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқу мақсаттары Cағат саны
1-тоқсан (16 с.)
7.1А
Қазақ-жоңғар соғыстары
Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы

Зерттеу сұрағы: Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды? 7.1.1.1 – жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру;
7.2.2.1– халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.4.1.1 – жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау 2
Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды?
7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.1.1 – Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру 2
Қазақ-жоңғар шайқастары

Зерттеу сұрағы:Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады? 7.3.2.1 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру 2
7.1В
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы

Зерттеу сұрағы:Неліктен Ресей Қазақстанды Азияға шығудың «кілті мен қақпасы» деп санады? 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау 2
Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы

Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр хан Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды? 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау 3
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай? 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.3 – Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау 4
Тоқсандықжиынтықбағалау (ТЖБ) I тоқсан бойынша оқу мақсаттары 1
2-тоқсан (16с.)
7.2А
XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы

Зерттеу сұрағы:XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты? 7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
7.2.1.1 – салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау 2
XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде? 7.2.2.4 –қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау 2
7.2В
Отарлау және ұлт-азаттық күрес
XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы
Зерттеу сұрағы: Қазақстанды отарлауды Ресей империясы қалай жүзеге асырды? 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарынанықтау 2
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Зерттеу сұрағы: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді? 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру 3
1822-1824 жж. патша реформалары

Зерттеу сұрағы: Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді? 7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау 2
1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

Зерттеу сұрағы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді? 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру 2
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Зерттеу сұрағы:Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды? 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру 2
Тоқсандықжиынтықбағалау (ТЖБ) ІІ тоқсан бойынша оқу мақсаттары 1
3-тоқсан (20 с.)
7.3А
Отарлау және ұлт-азаттық күрес XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары

Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді? 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру 2
Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай? 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау 3
7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
XIX ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалар

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты? 7.3.1.3 – Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау
2
Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді? 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау 3
Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты

Зерттеу сұрағы: Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті? 7.4.1.2 – отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау;
7.1.1.2 – Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау;
3
7.3С
Қазақстан Ресей империясының құрамында
Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды? 7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау 2
Жәрмеңке саудасының дамуы

Зерттеу сұрағы: Қоянды жәрмеңкесіне неліктен халық көп жиналды? 7.4.2.2 – сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау 2
XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы

Зерттеу сұрағы: “Зар заман” өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты? 7.2.1.2 – ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау;
7.1.2.2 – қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру 2
Тоқсандықжиынтықбағалау (ТЖБ) IІІ тоқсан бойынша оқу мақсаттары 1
4-тоқсан (16 с.)
7.4А
XIХ-XX ғасырдың басындағы
Қазақстанның мәдениеті
XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы

Зерттеу сұрағы:Неге XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады? 7.2.1.1 – салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау;
7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
7.2.2.3 – ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау 3
XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай формада дамыды? 7.2.3.2 – XIXғ. ІІ жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру 2
Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы

Зерттеу сұрағы:Неге С.Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады? 7.2.3.1 – Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау 2
Ы. Алтынсарин – педагог-новатор

Зерттеу сұрағы:Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады? 7.2.3.3 – Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау 2
Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл

Зерттеу сұрағы:Неліктен Абай Құнанбайұлын «Хәкім Абай» деп атады? 7.2.2.2 – Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру 3
Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы.

Зерттеу сұрағы: Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде? 7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
3
Тоқсандықжиынтықбағалау (ТЖБ) IV тоқсан бойынша оқу мақсаттары 1
Барлығы жылына 68 c.