Жаңа бағдарлама Қазақ тілі ҚМЖ 3 сынып Қысқа мерзімдік жоспар Жаңа мазмұны бойынша Обновленка Алматы «Атамұра» 2018. Авторлары Ə. Е. Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас


Қазақ тілі пәні бойынша 3-сыныпқа арналған
Қысқа мерзімді жоспар
Апталық жүктеме 4 сағат, жылдық жүктеме 136 сағат.
2018-2019 оқу жылына арналған.
Алматы «Атамұра» 2018.
Авторлары: Ə. Е. Жұмабаева, Г.И.Уайсова,Г.Т.Сәдуақас.

1-тоқсан 32 сағат
1-сабақ

Пән:Қазақ тілі
Орта мерзімді жоспар бөлімі:
Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3-сынып Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны: 26
Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы Тіл жəне сөйлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқубағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру;
3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық жəне жабық сұрақтарға жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəнестилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар жасай алады:
• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Бағалау критерийлері • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
• Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Құндылықтарды дарыту Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім Екінші сыныпта өтілген тақырыптар
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
1-топ «Бақытжалаулары»
2-топ «Арман жалаулары»
3-топ «Қуаныш жалаулары»
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
 Тіл және сөйлеу не үшін қажет?
 Ата — бабамыз бізге мұра етіп нені қалдырды?
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
Сабақтың ортасы Ширату тапсырмасы.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1.Біздің Отанымыз-……….!(Қазақстан)
2.Қазақстан Республикасының Президенті кім?(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
3.Мемлекетіміздің рәміздерін ата.(Елтаңба,ту,әнұран) 4.Қазақстанның астанасы қай қала?(Астана)
5.Мемлекеттік тіл.(Мемлекеттік ана тіліміз-қазақ тілі)
6.Тіл туралы заң қашан қабылданды? («Тіл»туралы тұңғыш заң 1989 жылы,ал екінші рет 1997 жылы 11-шілдеде қабылданды.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтарындағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері»күні ретінде аталып келеді. -Балалар,тіл дегенде ойларына не келеді? Ана тілі Қазақ тілі Сөйлеу мүшесі Орыс тілі -Тіл-адамның мүшесі,сөйлеу құралы.Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады.Әр халықтың өз ана тілі болады.Әрбір адамға ана тілі ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
1-жаттығу. Өтіліп жатқан тақырып төңірегінде өзіндік ой-
тұжырым, қорытынды шығару. «Сөйлеу не үшін қажет?»,
«Ол не арқылы жүзеге асады?» сұрақтарына сызбаныңкөмегімен жауап беріп, кері байланыс жасау
(Ж) Диалогке қатыса отырып, бір-бірімен қалай қарым-
қатынасқа түскенін анықтау.
Əңгімелесу барысында адамдардың бір-бірімен қарым-
қатынасқа түсуі үшін тілдесетіні, сөйлесетіні белгілі болады.
«Дəрігер» тақырыбы бойынша бірі – дəрігер, екіншісі науқас
рөлінде диалог құрау. Сатушы мен сатып алушы не арқылы
қарым-қатынасқа түскенін анықтау.
3.2.4.1 (МК; Ж; Ө; Т) Өлеңді мұқият тыңдау. Өлеңнің
тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
2-жаттығу. Өлеңді мұқият тыңдайды. Қарға, торғайсөздерінің мағынасына назар аудартылады.«Өлең не туралы?» сұрағын қою арқылы мəтіннің тақырыбы анықталады. Өлең мазмұны бойынша кейіпкерлер мен сөздерді сəйкестендіреді. Топтық жұмыста оқулықта берілген сұрақтарды талдау арқылы өз ойларымен бөліседі. Өз ойын 3-жаттығуда берілген мəтіндегі оймен салыстырады.
3.1.1.1 (МК; Ұ; Ө; Қ) Түсінбеген сөздерін белгілеу, мəтінмазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап берубілігін бағалау.
3-жаттығу. Мəтінді түсініп оқиды. Мəтін мазмұнымен жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың мəтіндегі түсінбеген сөздерін белгілеу, соңғы екі сөйлем бойынша сұрақ қоюжəне жауап беру жұмыстары ұйымдастырылады. Оқушылардың «Сұрақтарға жауап беруде сөйлеудің қай түрін қолдандың?» деген сұрақ бойынша жауаптары тұжырымдалып, оқулықтағы сызбадан таптырылады.
Дескриптор:
 Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
 Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
 Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

https://www.google.kz
детские
сюжетные
картинки

Белсенді оқу тапсырмалары

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
(МК; Ұ; Қ) Суреттердің көмегімен сұраққа жауап
болатын ақпаратты болжай алу білігін бағалау.
4-жаттығу. Суреттердің көмегімен сұраққа жауап болатын
ақпаратты болжайды. Суреттерді сөйлеудің ауызекі жəне
жазбаша сөйлеу түрлеріне ажыратады.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Жіберілген қателерді мұғалімнің
көмегімен тауып, түзету.
5-жаттығу. Өлеңді жатқа жазады. Оқушылардың бас əріп
пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды
байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт
беріледі.
Оқулықта берілген сұрақтардың дұрыс жауабын тауып,
дəлелдейді.
«Өз үйіне кіргіз» ойыны ойнатылады. Берілген сөздерді
тиісті үйшіктермен сəйкестендіріп, ой қорыту жасайды.
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
«Білім сандығы» кері байланыс.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Түрлі түсті
суреттері бар
журналдар,
флипчарт, желім

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген
кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылат ын
Қауіпсіздік техникасы
ережелерінің тармақтары.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?

2-сабақ

Пән:Қазақ тілі
Орта мерзімді жоспар бөлімі:
Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3-сынып Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны: 26
Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы Тіл жəне сөйлеу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқубағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойдыанықтау;
3.3.3.1 оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;
3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыружəне жауап беру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар жасай алады:
• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтіндежалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады.Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
Бағалау критерийлері  Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтіндежалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
 Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
 Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады.Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
Құндылықтарды дарыту Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім Тіл жəне сөйлеу тыңдалған мəтіннің мазмұнымен жұмыс тақырыбынан меңгерген білімдеріне негізделіп оқытылады.
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
(Ұ) «Сəлемдесу» ойыны. Бір-біріне жақсы тілектер тілеп,
ынтымақтастық атмосферасын құру. «Бастаймыз» деген
белгі берілгенде, бір-бірімен тез-тез көзбен, қолмен, иықпен
амандасу керек.
Асық арқылы бөлу
Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады,әр оқушы өзіне ұнаған түсті аладытүстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Ережені еске түсіру
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
Сабақтың ортасы Ширату тапсырмасы.
(Ұ) «Венн диаграммасын» толтыру. Үлгі:
Ауызекі сөйлеу Жазбаша сөйлеу

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
3.2.4.1 (МК; Т; Қ) Мəтінді тыңдау. Сөйлеу мəнері кімге
тəн екенін анықтау.
6-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Сөйлеу мəнері кімге тəн екенін анықтап, дəлелдеулер келтіріп, өз ой қорытындыларын жасайды.
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша
ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.Даңғыл сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау шығарады.
(Ж) Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұбымен талқылау.
«Əңгімеге негізделген жазу» стратегиясы.
Жұппен жұмыс.
Сөйлеу не үшін қажет? сұрағын жұпта талқылай отырыпжазу; өз ойларын ортаға салу жəне пікір алмасу.Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікір алмасады.
(Ө) Жұбына жазбаша хат жазу.
Берілген сұрақ бойынша топтағы жұбына хат жазады. Жазууақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі.
(Т; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.
Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойыншатопта жариялайды.
(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірініңжұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсыжағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
3.3.3.1 (МК; Ө; Т; Қ) Мəтіндегі негізгі ойды сақтай
отырып, хатты жалғастырып жазу білігін бағалау.
7-жаттығу. Мəтінді тиісті дауыс ырғағымен оқиды. Мəтінкім жайында айтылғанын анықтайды. Хаттағы негізгі ойдысақтай отырып, хатты əрі қарай өздері жалғастырып жазады.Оқушылардың хатты дұрыс жазуына мұғалім тарапынан басшылық жасалады.
(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша
ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Халсөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.
(МК; Т; Қ) Тапсырманы түсініп орындау білігін бағалау.
8-жаттығу. Тапсырмалар арқылы сөйлеудің қай түрі жүзегеасырылғанын анықтатып, дəлелдеулер жасатылады. Кестегесөйлеу түрі мен оған сəйкес тапсырма тұсына «+» таңбасынқояды.
Жұмыстарын топта жариялап оқиды.
3.2.3.1 (МК; Ж; Т; Қ) Мəтінді түсініп оқу. Мəтінді оқуда
сөйлеудің қай түрін қолданғанын анықтау. Сұрақтарғажауап беріп, өз ойымен бөлісу.
9-жаттығу. Мəтінді түсініп оқиды. Мəтінді оқуда сөйлеудіңқай түрі қолдағанылғанын анықтап, дəлелдеулер жасайды. Мəтіндегі сөйлемдерді байлайланыстырып тұрған сөздерді тауып, қарамен жазылған сөздерді басқа сөздермен алмастырып айтуына басшылық жасалады. Оқушылар топтық жұмысты орындауда «Жазбаша сөйлеу
бірден пайда болған жоқ» сөйлемінен бастап, оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөліседі.
Дескриптор:
 Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтіндежалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
 Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
 Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады.Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Дəптермен
жұмыс

Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Дəптермен
жұмыс
Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
(МК; Т; Ө; Ж; Қ) Сурет бойынша əңгімелеу. Суретбойынша 3 сұрақ жазу.
10-жаттығу. Топтық жұмыс. Сурет бойынша күзде не болатынын топта талқылап, əңгімелейді. Əңгімелеубарысында сөйлеудің қай түрін қолданғанын анықтайды. Күзмезгіліне берілген сурет бойынша үш сұрақ құрастырыпжазады. Жұппен жұмыс жасайды. Орындалған жұмыстыөзара бағалау үшін мұғалімнің басшылығымен бір-бірініңжұмысын өзара тексеріп, қатені табу жəне түзетужұмыстарын жүргізеді.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
(Ө; Қ) Суретке қарап, тірек сөздерді табу.Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Суреткемұқият назар аударып, тірек сөздерді тауып жазады.Жазған жұмысын топта жариялап оқиды.
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Кері байланыс парағы

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Түрлі түсті
суреттері бар
журналдар,
флипчарт, желім

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетіжоғарыоқушыларға қандайміндетқоюдыжоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген
кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылат ын
Қауіпсіздік техникасы
ережелерінің тармақтары.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?





32-сабақ

Пән:Қазақ тілі
Орта мерзімді жоспар бөлімі:
«Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен»
Күні:
Сынып: 3-сынып Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны: 26
Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы Бақылау диктанты
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқубағдарламасына сілтеме) 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар жасай алады:
• Жазу мəдениетін біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтап, сауатты жаза алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай
алады, диктантты ұқыпты, таза жазады.
Бағалау критерийлері Жазу мəдениетін біледі.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтап, сауатты жаза алады.
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады, диктантты ұқыпты, таза жазады.
Құндылықтарды дарыту Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім Нəтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы
Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»
Асық арқылы бөлу
Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады,әр оқушы өзіне ұнаған түсті аладытүстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Грамматикалық тапсырма:
1. 3-сөйлемді сөз таптарына талда.
2. Көп нүктенің орнына көптік жалғауларын қойып, сөйлем құраңдар; Күн …, аязды, көп
3. 5- сөйлемді сөз таптарына талда.
4. Коньки, бала …, жүр, теуіп.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Грамматикалық тапсырма
Сабақтың ортасы Ширату тапсырмасы.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
Қымыз.
Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастархан дәмінің бірі. Ол тегінде тек бие сүтінен ашытылады. Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіден өткізіп,жылы кезінде күбіде немесе сабада саумалды пісіріп, оның аузын байлап не тығындап қояды.
Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйемін салып сүттен, ол жоқ болғанда, сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Сары қымыз – дертке шипа, денеге күш. ( 59 сөз)

Грамматикалық тапсырма
1. Соңғы сөйлемнен түбір сөз бен қосымшасын тап.
2. 4 – сөйлемнен күрделі етістікті тауып астын сыз.
3. Сыңарын тап : Түбір сөздер қосымшалар

Дескриптор:
. Жазу мəдениетін біледі.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтап, сауатты жаза алады.
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады, диктантты ұқыпты, таза жазады.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
1.Күз, күн, тәтті үлкен, бір, үш, төрт, қыз, бөлме, ата, әже, алмұрт, қоңырау, сабақ.
(15 сөз)
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Кері байланыс.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Түрлі түсті
суреттері бар
журналдар,
флипчарт, желім

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетіжоғарыоқушыларға қандайміндетқоюдыжоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген
кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылат ын
Қауіпсіздік техникасы
ережелерінің тармақтары.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *