Обновленка Казахский язык 3 класс для русских школ Жаңа бағдарлама Қазақ тілі 3 сынып орыс мектеп КСП ҚМЖ краткосрочный план 2018-2019


Бөлім Мектеп:
Күні: Мұғалім:
Сынып: 3 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Күз келді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: күз мезгілі туралы шағын әңгіме құра алу ,сұраулық шылауларды тақырып аясында орынды қолдана алу
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша білетін қосымша ақпаратымен бөліседі
Бағалау критерийлері Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Берілген тірек сөздер негізінде сөйлейді.
Сөйлемде сөздерді дұрыс байланыстырады.
Күз жыл мезгілі туралы әңгімелей алады
Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, алшығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
Пәнаралық байланыс: Дүние тану
АКТ-ны қолдану дағдылары: PowerPoint таныстырылымы.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
Мәтінннің жазылу ережесін біліп, қолдануын дағдыға айналдырады.
Пән лексикасы және терминология:
Жаңа сөздер мен терминол өзгеру, сыныптастар
Тәуелдік жалғау, көптік жалғау
Сыныптасым, сыныптастарым огия.
Алақай! Бәрекелді! Әттеген-ай! Қап! Пай-пай! Жә! Тәйт! Ойпырай! Шөре-шөре! Құрау-құрау!
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар.
Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар.
Осыған дейін меңгерілген білім «Табиғат» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Мүмкін, шығар көмекші етістіктерінің қолданылу ережесін дағдыға айналдырады.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақ басы
10мин
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Ертеңгілік шеңбер «Менің есімім».
Әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әрпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш -сникерс, Әсел-әлем, Марат-мықты, Қанат-қайсар, Женя- жеңімпаз
Ой қозғау. Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсету және сұрақ қою:
• Бүгінгі сабағымыз қай мезгілге қатысты деп ойлайсыңдар? Неліктен?(оқушылар өздері сабақтың тақырыбын анықтайды)
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеймін.
Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырамын.Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен танысады.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Сөзжұмбақ арқылы. Күз
к и і м
к ү ш т і
ж а з

1. «Одежда» сөзінің аудармасы.
2. «Сильный» сөзінің аудармасы.
3. «Лето» сөзінің аудармасы.
2. Қазір қай жыл мезгілі?
Дидактикалық материал 1,
Слайд 1-5

Сабақ ортасы
10 мин

10 мин

5 мин МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет арқылы, анықтама беру арқылы меңгерту
Сөздік жұмысын жүргізу.
.Оқушылар мұқият тыңдап,сонан соң қайталайды.Қазақ әліпбиінде тән дыбыстармен фонетикалық жұмыс жүргізіледі.
күз-осень қазан-октябрь
қыркүйек-сентябрь қараша-ноябрь
«Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
1.Қандай киім түрлерін білесің?
2.Күзде қандай киім киесің?
3.Басыңа не киесің?
4.Қолыңа не киесің?
5.Аяғыңа не киесің?
6.Үстіңе не киесің?
Топтық жұмыс
1-топ: 1-тапс.Сурет бойынша бұл қай жыл мезгілі екенін әңгімелеу.

2-топ.. Мәтінді түсініп оқып, аудару.
Мәтінді оқыңыз;
Мәтіннен одағайларды тауып, тыныс белгісін қойыңыз;
.Күз-жыл мезгілдерінің бірі.Күз айлары-қыркүйек,қазан,қараша.Күзде жапырақтар сарғаяды.Егін орылады.Жеміс-жидек жиналады.Күз мезгілі тамаша!
Мәтінді оқыту,аудару.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:
-Жылдың неше мезгілі бар?
-Күз айлары қандай?
-Сен қандай жыл мезгілін жақсы көресің?
3-топ. «Топтастыру» әдісі Күз және Жапырақтарды қызыл, сары, жасыл, қоңыр түстерге бояу.
Бағалау: Әткіншек әдісі арқылы бағаланады
Тыңдалым.
Бүгін – бірінші қыргүйек. Қыргүйек- күздің бірінші айы. Күзде күн райы өзгереді. Күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды. Күзде сабақ басталады. Биыл Әлібек үшінші сыныпқа барады. Қанат пен Әлібек бір сыныпта оқиды. Олар – сыныптастар.
. (Т) Оқылым. Жұптық жұмыс. Алдымен оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқулықта берілген сөйлемдерді 3 сөйлемнен бөліп беру. Жұптар өздеріне берілген сөйлемдерге сұрақ құрастырады.
Оқылым мәтіні
Мен үшінші сыныпқа барамын. Менің сыныбымда он ұл, он екі қыз оқиды. Бұлар – менің сыныптастарым. 2-топ:
Бұл- Әнел. Мына сыныптасымның аты – Саша. Менің сыныптастарым әдепті, ақылды.Олар табиғатты жақсы көреді.
Сосын топтар сұрақтарымен ауысып, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
Жұптар бір-бірін комментарий айту арқылы бағалайды.

Кері байланыс
«Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

— Жеңіл болды

— Ойландырды

— Қиын болды

(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.
«Сынып» сөзіне «-тас» қосымшасын жалғағанда, сөздің мағынасының өзгергендігін, жаңа сөз пайда болғандығын түсіндіру. Ал «-ым» қосымшасының меншілікті көрсетіп тұрғандығын айту.
Менің сынып+тас+ым Менің сынып+тас+тар+ым
Сенің сынып+тас+ың Сенің сынып+тас+тар+ың
Оның сынып+тас+ы Оның сынып+тас+тар+ы

Оқушылар екі қатарға тұрып, бір сөзді жекеше және көпше түрде айтады.
Менің досым-Менің достарым.
Менің ағам- Менің ағаларым.
Бір-біріне қарсы тұрған оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.
Сұраққа «Иә (жоқ)» деп жауап бере алуды және түс атауларын емес сөзімен қолдануды үйренеді.
-Алма қызыл ма?
-Иә, қызыл.
-Гүл қызыл ма?
-Жоқ, қызыл емес, сары.
. «Есте сақта!» айдарымен берілген кесте бойынша көптік жалғауы қайталанады.
Құс – құстар
Ағаш – ағаштар
Жапырақ – жапырақтар
(Ж) Айтылым. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, әр оқушы жұбына бір сөйлемнен айтады. Менің сыныптасым күз мезгілін жақсы көреді/ұнатады.
Сөйлем үлгісі тақтаға жазылады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөйлемді жалғастырып, неліктен жақсы көретінін түсіндіріп айтады.
Менің сыныптасым күз мезгілін жақсы көреді, себебі күзде жемістер піседі.
Әр оқушы, «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.
(Т) Айтылым. Оқушылар 3 топқа бөлініп, «Сабақ басталды» тақырыбы бойынша ауызша мәтін құрастырады. «Ой бұлты» әдісін қолдану.Топқа ақ парақ беріледі. Топ мүшелері бірлесіп, берілген тақырып бойынша сөздер мен сөз орамдарын қағазға түсіреді. Сол сөздер негізінде 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрап айтады.
Топтар жауаптарын дескриптор бойынша бағалайды.
Дескриптор:
 Тақырып бойынша мәтін құрастырады (4-5 сөйлем).
 Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданады.
Сөздерді дұрыс байланыстырады.
Тыңдаған топтардың кері байланысы.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Көріністің идеясы қандай? Топ оны қаншалықты жеткізе алды? Себебін түсіндіріңіз.
2. Одағайлар мағынасына сай қолданылды ма? Себебін түсіндіріңіз. Слайд 6
Мәтін жазылған үлестірме қағаз;
Дидактикалық материал 2,
Таймер

Сабақ соңы
5мин
«Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.

1. Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?
2. Оқу мақсатына жету үшін біз қандай іс –әрекеттер жасадық?
3. Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?
4. Сөздік қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?
5. Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?

Бағалау
Жетістік критерийлері бойынша
Үй жұмысы
Жаңа сөздерді жаттау
Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?. Шағын 3 қорапша
Дидактикалық материал 4

Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Дифференциация үш түрде іске асады:
1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.
2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.
Оқушылар бір-бірін дискрипторларарқылы бағалайды.Сол арқылы кері байланыс беріледі. Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPointтаныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютерқолданылады.
Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
2..
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3 Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Жанды және жансыз табиғат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады, тақырып бойынша жай сөйлемдер құрайды
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, үлгі бойынша құрмалас сөйлемдер құрайды
Бағалау критерийлері Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздер арқылы айтады.
Жай және құрмалас сөйлемдер құрастырады.
Лексикалық минимум Жанды/жансыз, өсімдік, өс
Грамматикалық минимум Жай сөйлем. Өсімдік жанды табиғатқа жатады.
Құрмалас сөйлем.
Жалғаулықтар: себебі, өйткені
Өсімдік жанды табиғатқа жатады, себебі ол өседі.
Құндылықтарды дарыту
Қоршаған орта білімдерін кеңейтеді. Қоршаған ортаны қорғауға үлес қосады.
Пәнаралық байланыстар дүниетану
АКТ қолдану дағдылары таныстырылым
Бастапқы білім
Күз келді
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
„Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!“
Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір ізгі тілек тілеу тапсырылады.Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.
Үлгі: „Мен саған денсаулық тілеймін“, „Сабақты тек 5-ке оқы“, „Саған сәттілік тілеймін“

«Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.(Сыныптағы оқушылардың есімдері жазылған қағаздардың кез келгенін таңдау арқылы)

Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды.
Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
Қандай айырмашылық байқап тұрсыңдар?

Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Оқыған мәтіннің мазмұнын айтамын.
Сөйлемдерді дұрыс құрастырамын.
Сабақтың ортасы
(МК, Ұ) «Дефиниция» әдісі бойынша
жаңа сөздерді меңгерту (сөздер және сол сөздерге жазылған анықтаманы сәйкестендіру)
өс, өседі (қимыл арқылы көрсету)
жанды
жансыз
өсімдік
• туады, өседі, өледі,тыныс алады, қоректенеді
• тумайды, өспейді, өлмейді, тыныс алмайды, қоректенбейді
• ауаны тазартады, өседі, әртүрлі болады, қысқа болып өседі, биік болып өседі
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Үлгі:
Ақылды болып өс. Орманда өсімдік көп өседі.
Жанды табиғат. Өсімдік жанды табиғатқа жатады.
Жансыз табиғат. Тау жансыз табиғатқа жатады.
Өсімдіктің түрі. Өсімдіктің түрі көп.

(Ұ) Тыңдалым.
Әлібек атасымен баққа барды. Олар ағаштарға, гүлдерге су құйды.
Атасы Әлібекке:
— Табиғатты қорғау керек, -деді.
-Ата, табиғат деген не?- деп сұрады Әлібек.
— Балам,табиғат – бізді қоршаған орта. Біз суды, тамақты, қажет заттарды осы табиғаттан аламыз. Табиғат жанды және жансыз болады,-деді атасы.
-Ата, мен түсінбедім,-деп таңқалды Әлібек.
-Жанды табиғат су ішеді, қоректенеді. Олар: жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, балықтар. Адам да табиғаттың бір бөлшегі-деп түсіндірді атасы.
Тыңдалымалды тапсырма.
Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою:
«Табиғат» деген не?
Табиғатты қорғау керек пе?Неге?
Сен табиғатты қалай қорғайсың?
(Ө) Тыңдалым мәтіні
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтін бойынша сұрақтар тақтаға алдын-ала жазылады. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды.
 Әлібек кіммен сөйлесті?
 Олар не туралы сөйлесті?
 «Табиғат» деген не?
 Табиғат қандай болады?
Содан кейін мәтін бойынша төрт сұрақты жеке қағаздарға жазып, қоржынға немесе сандықшаға салу. Төрт оқушы қоржыннан сұрақ алып, сол сұраққа жауап береді. Қалған оқушылар дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
(Ж) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Айтылым.
Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.
Тірек сөздер:
Әлібек, ата, сөйлесті, табиғат, жанды, қоршаған орта, жансыз
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бірінші жұп екінші жұпқа, екінші жұп бірінші жұпқа әңгімелейді. Үшінші жұп төртінші жұпқа, төртінші жұп үшінші жұпқа әңгімелейді.
Жұптар дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
 Тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.
 Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
 Сөйлем құрылымын сақтайды.
Кері байланыс

Сергіту сәті. «Айна“
Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді.

(Т) Оқылым. Мәтінді топта бірлесіп оқиды. Оқып болған соң, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Топтар барынша бір-біріне көбірек сұрақтар қоюлары керек.
«Жаңбыр сұрақтар» әдісі бойынша әр сұрақты жеке-жеке кішкентай қағазға жазып, екінші топқа лақтырады. Қарсы топ өз сұрақтарын лақтырады. Топтар бір-біріне сұрақтарына жауап береді.
Оқылым мәтіні
Табиғат жанды және жансыз болады. Жанды табиғатқа адамдар, жануарлар, құстар, өсімдіктер жатады. Жансыз табиғатқа су, тас, тау, Күн, Ай жатады. Жанды табиғат өседі, өзгереді. Ал жансыз табиғат өзгермейді.
Топтар жауаптарын комментарий айту арқылы бағалайды («өте тамаша», «толық жауап берді», «барлық сұрақтарға жауап берді», «нақты жауап бермеді», «тек жартысына жауап берді»)

(Ж) Айтылым. «Кім жылдам?» ойыны. Тапсырманы орындауға 1 минут беру. Кестеден мағыналары қарама- қарсы сөздерді жылдам тапқан жұп жеңімпаз болады.
жанды өзгереді аң тәтті
өседі жатпайды суық қара
өзгермейді өспейді салқын кіші
жатады жансыз үлкен жылы
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөйлем құрап айтады.

(МК, Ұ) Жазылым.
Құрмалас сөйлемнің жасалу жолын таныстырылымнан көрсету.
Жай сөйлем Құрмалас сөйлем
Құс жанды табиғатқа жатады. Құс жанды табиғатқа жатады, себебі ол тыныс алады.
Тас жансыз табиғатқа жатады. Тас жансыз табиғатқа жатады, өйткені ол тыныс алмайды, өспейді.
Суретке қарап, қайсысы жанды табиғатқа, қайсысы жансыз табиғатқа жататынын анықтайды. Үлгі бойынша сөйлем құрап айтады/жазады.
«Бас бармақ» әдісі немесе комментарий айту арқылы бағалау(мұғалімнің бағалауы)
Сабақтың соңы Үйге тапсырма:
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жазады.
Керекті сөздер: табиғатқа, Ай, өсімдіктер, өседі, жанды, өзгермейді
1.Адамдар, жануарлар, құстар … табиғатқа жатады. 2. … жанды табиғатқа жатады. 3. Жансыз … су, тас, тау, Күн жатады. 4… қандай табиғатқа жатады? 5.Жанды табиғат өзгереді, … . 6.Ал жансыз табиғат … .
Рефлексия
Сұрақтарым көп. Белсенді бола алмадым.

Сұрақтарым жоқ. Белсенді болдым.

Маған бәрі түсінікті болды. Өте белсенді болдым.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3 Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Үй жануарлары –жанды табиғат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді
Оқушылардың көпшілігі: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, жаңа сөздерді сөздікке сүйеніп, сауатты жазады
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтіндегі ақпаратты өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді
Бағалау критерийлері Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Жаңа сөздерді сауатты жазады.
Лексикалық минимум қой, сиыр, жылқы,түйе
Грамматикалық минимум Септік жалғау, тәуелдік жалғау.
Атам ауылда тұрады. Атамның малы көп.
Құндылықтарды дарыту
Төрт түлік мал туралы біле отырып, олардың адамға берер пайдасын түсінеді. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиеленеді.
Пәнаралық байланыстар дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым
Бастапқы білім
Жанды және жансыз табиғат
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
« Жақсы ма?»
— Досың болған жақсы ма?
— Жақсы! Жақсы! Жақсы!
— Сабаққа дайындығымыз жақсы ма?
— Жақсы! Жақсы! Жақсы!
-Көңіл-күйіміз жақсы ма?
-Жақсы! Жақсы! Жақсы!
Өткен тақырыпты еске түсіру.
«ИӘ» және «ЖОҚ» ойыны (Ортаға екі орындық қарама-қарсы қойылады. Бір орындыққа «ИӘ» , екнші орындыққа «ЖОҚ» сөздері жазылған қағаздарқ ойылады. Оқушылар екі топқа бөлініп, екі қатарға тұрады. Ортаға кезекпен бір-бір оқушыдан шығады. Мұғалім өтілген тақырып бойынша бұрыс немесе дұрыс сөйлемді оқиды. Айтылған ақпарат дұрыс болса, соған сәйкес орындыққа отырып үлгеруі керек).
1. Өсімдіктер жанды табиғатқа жатады.
2. Құстар су ішпейді.
3. Жанды табиғат өзгереді.
4. Тау жанды табиғатқа жатады.
5. Табиғат жанды және жансыз болады.
6. Жансыз табиғат өседі.
7. Жанды табиғат тыныс алады.
8. Жансыз табиғат өзгермейді.
9. Адам-табиғаттың бір бөлшегі.
10. Адам табиғатсыз өмір сүре алады.
11. Су, ауа адамға өте қажет.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Сөздерді қатесіз жазамын.
Сабақтың ортасы
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту
қой, сиыр, жылқы,түйе, қора

Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру
Қой сатып алу. Атам қой сатып алды.
Жылқыға су беру. Мен жылқыға су бердім.
Сиырға шөп салу. Біз сиырға шөп салдық.
(Ж) Тыңдалым
Менің атам бар. Ол ауылда тұрады. Атамның малы бар. Қорада сиыр, жылқы, қой бар. Олар – үй жануарлары.

Мәтінді екі рет тыңдайды. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазады.
Үлгі: Менің атам … тұрады. Атамның … бар. Қорада …, …, … бар. Олар — … .

Жұптар орындап болған соң, өз жұмыстарын дұрыс нұсқамен тексереді. Дұрыс нұсқа тақтада көрсетіледі. Жұптар өз-өздерін бағалайды.

(Ө) Жазылым. Сауатты жазуда қиындық тудыруы мүмкін бірнеше сөзді тақтаға жазып қою.
Ауыл, түйе, құлын, сиыр
Оқушылар осы сөздермен сөйлемдер құрап жазады. Қалауы бойынша бірнеше оқушы тақтаға жазған сөйлемдерін жазады.
Бұдан кейін оқулықта берілген суретті сөзге айналдырып оқиды.
 Әлібектің атасы тұрады.
 Атасының бар.
 Қорада бар.

(Ө) Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі.
Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Содан кейін қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөздерге түсінік береді.
Оқылым мәтіні
Жазда атамның ауылына бардым. Атамның қорасында жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі бар. Оларды «үй жануарлары» немесе «мал» деп атайды. Мен атама көмектестім. Малға шөп салдым. Қораны тазаладым.
Мәтін соңындағы сұрақтар жеке қағаздарға жазылып, қобдишаға салынады. Бірнеше оқушы қағаздағы сұрақты таңдап, сол сұраққа ауызша жауап береді.
Сұрақтар:
1. Әлібек жазда қайда барды?
2. Атасының қорасында не бар?
3. Үй жануарларын тағы қалай атайды?
4. Әлібек атасына қалай көмектесті?
5. Үй жануарлары қандай табиғатқа жатады?
«Шапалақ» әдісі арқылы жауаптарын бағалайды.
«Орташа» жауапқа 1 рет шапалақ ұру.
«Жақсы» жауапқа 2 рет шапалақ ұру
«Тамаша» «Өте жақсы» жауапқа 3 рет шапалақ ұру
(Ө) Оқылымнан кейінгі тапсырма
Сөйлем Дұрыс Бұрыс Айтылмаған
Әлібектің атасы қалада тұрады.
Әлібек жазда ауылда демалды.
Атасының малы көп.
Қорада 100 қой бар.
Сиыр үй жануарына жатады.
Әлібек атасына көмектескен жоқ.
Оқушылар қасында отырған көршісімен жұмыстарымен ауысады. Мұғалімнің оқыған дұрыс нұсқамен көршісінің жауабын тексереді және бағалайды.

Сергіту сәті. «Мен таптым»
Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

(Т) Оқылым. Оқушылар топта тапсырманы бірлесіп орындайды. Суретке қарап, көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып оқиды және сол жануар туралы бір ақпарат айтады.
Үлгі: Бұл – жылқы. Жылқының еті дәмді/Жылқы алысқа шабады/Жылқының сүтін қымыз деп атайды.
Керекті сөздер: үй жануарлары,өседі, сиыр, қой, жанды, жылқы, ешкі, түйе

(Ұ) Айтылым. «СҰРАҚТАР» стратегиясы.
Сұрақ қоюдан қорықпайтын оқушы ортаға шығады. Оқушының маңдайына стикерге жазылған сөз жабыстырылады. Оның маңдайына сөз (сиыр, қой, жылқы, түйе) жазылған стикер жабыстырады. Стикерде не жазылғанын табу үшін топтарға барып бар жоғы бір-ақ сұрақ қояды. Келесі топқа барғанда да бір сұрақ қояды. Топ мүшелері оның қойған сұрағының ретіне қарай жауап беруге тырысады. Осылай жалғаса береді. ТАПҚАНША! Таба алмаса, келесі оқушы жалғастырады.
Мұғалім оқушының сұрақ қою дағдысын комментарий айту арқылы бағалайды.

https://www.balakai.kz/zhumbaktar/141-zhanuarlar-turaly-zhmbatar.html
жұмбақтар

Сабақтың соңы Үй тапсырмасы:
Үй жануарлары туралы жұмбақтар жаттап келу
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Рефлексия

Сұрақтарым көп. Белсенді бола алмадым.

Сұрақтарым жоқ. Белсенді болдым.

Маған бәрі түсінікті болды. Өте белсенді болдым.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3 Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Бұл — малдың төлі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтінді түсінеді, сұраққа жауап береді
Оқушылардың көпшілігі: түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындайды, сұрақтар қояды, жалғауларды дұрыс қолданады
Оқушылардың кейбірі: сөйлемді сауатты құрайды, тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі
Бағалау критерийлері Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тақырып бойынша диалогқа қатысады.
Сөздерді дұрыс байланыстырады.
Лексикалық минимум төл, құлын, бота, бұзау, қозы
Грамматикалық минимум Септік жалғауы, тәуелдік жалғау
Қойдың қозысы, сиырдың бұзауы, малдың төлі
Құндылықтарды дарыту
Төрт түлік малға қамқорлық, еңбек адамын құрметтеу
Пәнаралық байланыстар дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым
http://bala.soyle.kz/picture/collection?id=8 сайтындағы жаттығуларды орындайды
Бастапқы білім
Үй жануарлары – жанды табиғат
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
«Комплимент»
Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Кез келген қатысушы бір жағымды комплимент айтады. Шеңберде отырған оқушылар бұл комплименттің кімге арналғанын табуы керек. Комплимент алған оқушы ойынды әрі қарай жалғастырады.
Өткен тақырыпты еске түсіру.
«Қарлы кесек» ойыны
Оқушылар шеңберге тұрады. Ойын бастаушы қағаздан жасалған домалақ қарды кез келген оқушыға лақтырады да, өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша диалогқа қатысамын.
Сөздерді дұрыс байланыстырамын.
Сабақтың ортасы
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту
Құлын, бота, бұзау, қозы, лақ
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру
Сүйкімді құлын. Құлын – жылқының төлі.
Екі бота. Бота- түйенің төлі.
(Ө, Ж) Тыңдалым
Тыңдалы мәтіні
-Сен төрт түлік малды білесің бе?
-Иә, білемін.
-Атап шықшы.
-Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой мен ешкі.
-Түйенің төлі не?
-Түйенің төлі –бота.
-Сиырдың төлі не?
-Сиырдың төлі –бұзау.
-Қойдың төлі не?
-Қойдың төлі –қозы.
-Жылқының төлі не?
-Жылқының төлі –құлын.
-Ешкінің төлі не?
-Ешкінің төлі –лақ.
Мәтінді тыңдайды. Әр оқушы өздігінен тапсырманы орындайды да, көршісіне суретті пайдаланып, малдардың төлдерін көрсетеді және атайды. Бірі –сөйлейді, екіншісі- тыңдайды. Содан кейін рөлдерімен ауысады. Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

(Ө) Жазылым. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны жалғап жазады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөз тіркестерімен сөйлемдер құрайды.
Үлгі: Ешкінің лағы. Ешкінің лағы тастан секірді.

Қой… -дың
-нің
-ның қозы… -ы
-сы
Ешкі… лақ…
Жылқы… құлын…
Түйе… бота…
Сиыр… бұзау…

Тапсырманы орындап болған соң, тақтадан дұрыс нұсқа көрсетіледі.

«Өзін-өзі бағалау баспалдағы» арқылы өзін-өзі бағалайды.
МЕН ІСТЕДІМ, ҚОЛЫМНАН КЕЛДІ
МЕН ІСТЕЙМІН
МЕН ІСТЕЙ АЛАМЫН
МЕН ТЫРЫСЫП КӨРЕМІН
МЕН ҚАЛАЙ ІСТЕЙМІН?
МЕНІҢ ІСТЕГІМ КЕЛЕДІ
МЕНІҢ ІСТЕГІМ КЕЛМЕЙДІ
МЕН ІСТЕМЕЙМІН

Сергіту сәті «Белгісіз басшы»
Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

(Ж) Оқылым.
Мәтін мазмұнымен танысады. Мәтін мазмұны бойынша 3-4 сұрақ құрастырады. Жұптар бір-бірінің сұрақтарымен ауысады да, басқа жұптардың дайындаған сұрақтарына жауап береді.
Үлгі: Әлібекке не ұнайды? Ол ненің төлі? Ол не істейді?
Оқылым мәтіні
Біз малдың төлдерін жақсы көреміз. Маған құлын ұнайды. Ал ағама бота ұнайды. Қарындасым қозыны жақсы көреді. Ініме бұзау мен лақ ұнайды.
Төлдер әдемі, сүйкімді. Олар шөп жейді, ойнайды.
Жұптар бір-бірінің жауаптарын бағалайды.
Дескриптор:
 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады
(3-5 сұрақ).
 Сұрақтарға жауап береді.
(Ө) «Кім жылдам?» ойыны. http://bala.soyle.kz/picture/collection?id=8 сайтындағы жаттығуларды орындайды
1. Сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.
2. Берілген әріптерден сөздер құрап, жануардың атын жазады.

Сабақтың соңы Үй жұмысы:
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Әлібекке … ұнайды. Ол -… төлі. Ағасына … ұнайды. Ол — … төлі. Қарындасына … ұнайды. Ол — … төлі. Інісіне … мен … ұнайды. Олар- … … төлдері. Төлдер де … табиғатқа жатады.
Рефлексия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3 Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Жәндік жанды табиғатқа жатады ма?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша сөздерді қолданады
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша сөздерді сөйлеу барысында қолданады
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты пікірін айтады
Бағалау критерийлері Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тақырып бойынша сөздерді қолданады.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді қолданады.
Лексикалық минимум Ара, құмырсқа, жәндік, қызғалдақ
Грамматикалық минимум Заттың қимылын білдіретін сөздер: секіреді, еркелейді, ойнайды, ішеді
Құндылықтарды дарыту
Қоршаған ортаны қорғау
Пәнаралық байланыстар дүниетану
АКТ қолдану дағдылары таныстырылым
Бастапқы білім
Менің ақ лағым бар.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
Үй тапсырмасын тексеру
«Бос орынды толықтыр»
Ақ лағым
Жар басында …,
… басына шығады.
Шапқылайды үнемі.
Ақ ешкінің … .
Алды-артына қарамай,
Кезеді … жағалай.
… барлық мінезі
Ойынқұмар … .
«Балмұздақ таяқшалары» әдісімен бірнеше баладан тақпақты жатқа сұрау. «Шапалақ» әдісімен сыныптастарының бағалауы.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданамын.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.
Сабақтың ортасы
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту
Ара
Құмырсқа
Қызғалдақ
Жәндік

Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Араны ұстау. Ара адамды шағады.
Қара құмырсқа. Құмырсқа – еңбекқор жәндік.

(Ж) Оқылым. Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Мәтінді оқымас бұрын, сұраулы сөйлемге қойылатын интонацияны еске түсіру.
Диалог мәтіні
-Әлібек, құмырсқа мен ара жанды табиғатқа жата ма?
-Иә, жанды табиғатқа жатады.
-Олар өте кішкентай ғой.
-Сондықтан оларды «жәндік» деп атайды. Жәндік те тамақ жейді, өседі.
2-3 жұп тақтаға шығып диалогты оқиды, қалғандары пікір айту арқылы бағалайды.
Комментарий үлгісі:
Диалогты мәнерлеп оқиды, сөйлемге екпінді дұрыс қояды, сөздерді дұрыс оқиды.

Сергіту сәті
«Еден-төбе-мұрын»
Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

(Т) Айтылым. Кестедегі сөздерді қолданып, сұраққа жауап береді.
Бұл не? Ол не істейді?
1-топ: араның әрекетіне қатысты сөздерді анықтайды және бейнелейді
2-топ: құмырсқаның әрекетіне қатысты сөздерді анықтайды және бейнелейді

жүгіреді секіреді тамақ өседі ойнайды
тістейді ұшады су ішеді жүреді жинайды

(Ө) Жазылым. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жазады.
Керекті сөздер: жатады, ара, жәндік сөздер:, кішкентай, құмырсқа
1. … мен … жанды табиғатқа жатады. 2.Оларды «…» деп атайды. 3. Жәндік … болады. 4. Ара қызғалдаққа қонды.
Орындап болған соң, топқа бірігіп отырады да, дұрыс-бұрыстығын анықтайды.

(Ж) Айтылым. Рөлдік ойын.
Ара мен құмырсқаның рөлін ойнайды.
Бір-бірінен нені ұнататындарын сұрайды, бір-біріне жылы сөз айтады, дос болуға шақырады.
Тірек сөздер:
Еңбекқорсың, қайырымдысың, қанатың, жақсылық, тату, дос болайық
Жұптар бір-бірінің жауаптарын дескриптор бойынша бағалайды.
Дескриптор:
• Тақырып бойынша диалог құрайды.
• Диалогта тірек сөздерді қолданады.
• Диалогтың мазмұны қызықты.
Сабақтың соңы Үй тапсырмасы
Жақшаның ішіндегі керекті сөздерді таңдап, сөйлемдерді толықтырып жазады.
Ара мен құмырсқа да жанды (табиғатқа, төлге) жатады. Олар өте (кішкентай, үлкен). Ара мен құмырсқаны (мал, жәндік) деп атайды. Жәндік тамақ жейді(өседі, ойнайды).
Рефлексия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3 Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Құстар- біздің досымыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог барысында сұрақтар қояды, сөздерге қоымшаларды дұрыс жалғайды
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, диалог барысында өз ойын түсінікті жеткізеді.
Бағалау критерийлері Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тақырып бойынша диалогқа қатысады.
Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғайды.
Лексикалық минимум Көгершін, құстар, қорғайды
Грамматикалық минимум Тәуелдік жалғау
Құстар- біздің досымыз.
Жіктік жалғау
Құстарды қорғаймын.
Құндылықтарды дарыту
Қоршаған ортаны қорғау
Пәнаралық байланыстар дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым
http://bala.soyle.kz/picture/training?id=12 сайтында тапсырманы орындайды
Бастапқы білім
Жәндік жанды табиғатқа жатады ма?
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
«Пойыз» ойыны (бірінші тұрған оқушы бір сөз айтады, келесі тұрған оқушы алдыңғы сөздің соңғы әрпіне сөз айту керек, айта алмаған оқушы ойыннан шығады).
Ара-ат-түйе-есек-күшік-кесіртке-ешкі
Үй тапсырмасын тексеру. “Таңдамалы тексеру” әдісі. Оқушылардың жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексеру. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданамын.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.
Сабақтың ортасы
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту

Құстар

Көгершін
Қорғау-көмектесу, жамандықтан қорғау, суықтан қорғау
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Жыл құстары, құстарды қорғау. Құстарды қорғау керек.
Ақ көгершін. Мен көгершіннің суретін салдым.

(Ө, Ұ) Тыңдалым
Тыңдалымалды тапсырма
Тыңдалымда кездесетін таныс емес сөздермен жұмыс жүргізу.
«Қамқорлық» сөзіне түсінік беру.
«Қамқорлық» — қорғау, күту, су, тамақ беру, ұя жасау.
Құстарға қамқорлық, әжеге қамқорлық, балаға қамқорлық, табиғатқа қамқорлық жасау
Сұрақтар қою арқылы мәтін мазмұнын болжату
 Қандай құстарды білесіңдер?
 Құстардың қандай пайдасы бар?
 Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді 2 рет тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырады.
Тыңдалым мәтіні
Тоғайда әртүрлі құстар бар. Құстар жанды табиғатқа жатады. Құстар табиғатты қорғайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Олар құстарға ұя жасайды, жем береді. 1 сәуір – құстарды қорғау күні.
Керекті сөздер: не? нелер? кім? қандай? нені?
Дескриптор:
• Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырады.
• Сұрақтарды сөйлемде дұрыс қолданады.
• Суреттердің ретін анықтайды.
Сөйлемдер:
1. Тоғайда … бар?
2. Құстар … табиғатқа жатады?
3. Құстар … қорғайды?
4. Құстарды … қорғайды?
5. 1 сәуір … күн?
Әр оқушы өз бетінше орындап болған соң, бірнеше оқушы жауаптарын оқиды (бір сөйлемнен), қалғандары өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Суреттерге қарап, сөйлемдерді толықтырады. Суреттердің ретін анықтайды.
_______құстарды қорғаймыз.

Құстар __________ қорғайды.
1 сәуір – құстар _________ .
Тоғайда ___________ бар.

Бірнеше оқушы өздерін дескриптор бойынша бағалайды.
Кері байланыс
Тапсырманы орындау қиын болды ма?

(Ж) Оқылым. Мәтінді оқып,әр сөйлемге сұрақ қояды. Деңгейлеріне қарай ашық, жабық сұрақтар құрастырады.
Үлгі (деңгейі жоғары сұрақтар):
Тоқылдақты неліктен «орман дәрігері» деп атайды?
Көгершіндердің қандай пайдасы болған?
Құстар адамның тілін түсінеді деп ойлайсың ба?
Оқылым мәтіні
Құстардың пайдасы көп. Тоқылдақ ағашты қорғайды. Оны «орман дәрігері» деп атайды. Қарлығаш егінді қорғайды. Көгершіндер бұрын хат тасыған. Құстар да жанды табиғатқа жатады.
Тапсырманы орындап болған соң, сұрақтың деңейін 1- 3 балл аралығында бағалайды. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар жабайы құстар туралы, пайдалы құстар туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.

(Ж, Ө) Жазылым. Тапсырманы өзбетінше орындамас бұрын, «Жұбыңды тап» ойынын ойнату. Оқушыларға үш жақта жазылған есімдіктер мен тәуелдік жалғаулы сөздерді таратып беру. Оқушылар тақтаға шығып, бір сөзден алады да сыңарын іздейді. Мысалы, менің үйім, сенің арманың және т.с.с. Бұдан кейін әр оқушы өздігінен көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жазады.
Құстар — менің дос… .
Құстар — сенің дос… .
Құстар — оның дос… .
Құстар- біздің дос….
Тақтадағы дұрыс жауапты қарап, өзін-өзі тексереді.

(Ж) Айтылым. Диалог құрайды. Төмендегі сұрақтарды қолдану:
 Сен қандай құстарды білесің?
 Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
 Саған қандай құс ұнайды?
 Құстар неге жанды табиғатқа жатады?
Жұптар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Үлгі:

Сұраққа толық жауап береді. Құстар туралы қызықты ақпарат айтты.

Сөйлемдегі сөздердің ретін сақта.
Сабақты бекіту
АҚТ қолдану (http://bala.soyle.kz/picture/training?id=12)
Құстардың атауларын тыңдап, суретпен сәйкестендіреді.
Шатасқан әріптерден құстардың атауларын жазады.
Сабақтың соңы Үй тапсырмасы
4-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрайды.
Үлгі: Бұл- көгершін. Ол хат тасиды.
Рефлексия
Мен бүгін … …. үйрендім.
• жаңа сөздер;
• сұрақтар құрастыруды;
• сұрақтарға жауап беруді;
• тақырып бойынша диалог құруды
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3 Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Қандай әдемі балапан
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша сөйлейді
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлемдеді толықтырады, тірек сөздер негізінде сөйлейді, сөздерді дұрыс байланыстырады
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа сәйкес тақпақ шығарады, мәтін құрайды
Бағалау критерийлері Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тақырып бойынша сөйлейді.
Сөздердің байланысын сақтап жазады.
Лексикалық минимум мекенде, ұя
Грамматикалық минимум Септік жалғау, тәуелдік жалғау
Құстың балапаны, көгершіннің балапаны
Құндылықтарды дарыту
Құстарға қамқорлық, қоршаған ортаны қорғау
Пәнаралық байланыстар дүниетану
АКТ қолдану дағдылары таныстырылым
Бастапқы білім
Құстар- біздің досымыз
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
Үй тапсырмасын тексеру
(Ж) Өзара тексеру
Қатар отырған екі оқушы бір-бірін тексеріп, бағалайды.
Есеп-жұмбақ шештіру арқылы сабақтың мазмұнын анықтайды.
Жұмбақ

Бесеуі аз деп балапан,
Қосты тағы 7 балапан.
Табыңдаршы ойланып,
Қанша болды балапан? (12)
Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша сөйлеймін.
Сөздердің байланысын сақтап жазамын. https://www.youtube.com/watch?v=KwHP-sKnWog
«Шөжелерім» әні
Сабақтың ортасы
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суретті сөздік, мағыналас сөздер арқылы меңгерту

балапан ұя салады
мекендейді- тұрады, тіршілік етеді
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру
Сары балапан. Сары балапан өте сүйкімді.
Орманда мекендеу(тіршілік ету, тұру). Аңдар орманда мекендейді.
(Ө) Тыңдалым
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді 2 рет тыңдайды
Тыңдалым мәтіні
Құстар жанды табиғатқа жатады. Олар жоғары ұшады. Құстар ұяларын ағаштың басына, үйдің шатырына, қораның төбесіне салады. Құстың балапаны ұяда өседі. Құстар- біздің досымыз.
Суреттер мен сөйлемдерді сызық арқылы сәйкестендіреді. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазады.
Керекті сөздер: қарлығаш, ұясы, ұяда, қарлығаш

Бұл- қарлығаштың … .

… жоғары ұшады.

… үйдің шатырына ұя салады.

Құстың балапаны … өседі.

Қатар отырған көршілер жұмыстарымен ауысады. Бір-бірін тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен тексереді.

(МК, Ж) Оқылым. Диалогты рөлге бөліп оқиды.
Сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдерге сәйкес интонациямен оқуды еске түсіру.
-Қандай әдемі балапан! Бұл ненің балапаны?
-Бұл- тоқылдақтың балапаны.
-Тоқылдақ қайда мекендейді?
-Тоқылдақ орманда мекендейді.
-Тоқылдақ ұясын қайда салады?
-Ол ұясын ағаштың басына салады.
-Тоқылдақты неге «орман дәрігері» деп атайды?
-Себебі ол ағаштарды қорғайды.
1-2 жұптың жауаптары тыңдап, комментарий айту арқылы бағалау («Өте тамаша оқыдың», «Жарайсың!», «Сөздерді дұрыс оқыдың»).
Сергіту сәті Қараокемен «Қарлығаш» әнін айту
(Т) Айтылым. Оқулықта берілген сурет бойынша жұмыс.
«Тыңдап отырған үштік» әдісі. Оқушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Топтағы бір оқушы – шешен, біреуі – тілші және үшіншісі – хатшы рөлін атқарады. Шешен суреттегі құстар туралы білетін ақпаратымен бөліседі. Қандай құс екенін, ұясын қада салатыны, немен қоректенетіні туралы әңгімелейді.
Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Топтар «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

(Ж) Жазылым. Қабылдау деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыру. Кестеде берілген сөздерден сөз тіркестерін құрайды.
үйдің бұтағы қораның қабырғасы
ағаштың беті талдың төбесі
көлдің арасы таудың етегі
тоғайдың шатыры үйдің басы

Жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

(Ө) Айтылым. Өздеріне ұнайтын балапанның суретін салады және оны сипаттайды.
Қажетті сөздер: сүйкімді, әдемі, жұмсақ, кішкентай, салады, құстың, өседі, ұя салады
Дескриптор:
• Тақырып бойынша сурет салады.
• Сурет бойынша сипаттау мәтінін жазады.
• Тірек сөздерді орынды қолданады. https://www.youtube.com/watch?v=Hh7kgC2Mjgg
«Қарлығаш» әні, караоке
Сабақтың соңы Үйге тапсырма:
Сұрақтарды пайдаланып , диалог құрайды.
• Саған қандай құс ұнайды?
• Оның балапаны қандай?
• Ол ұясын қайда салады?
• Ол құстың адамға қандай пайдасы бар?
Рефлексия «Табыс сатысы»
— 1-ші баспалдағы «Мен…. БІЛЕМІН»
— 2-ші баспалдағы «Мен…..ТҮСІНЕМІН»
— 3-ші баспалдағы «Мен …..ЖАСАЙ АЛАМЫН»
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3 Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Тырналар жылы жаққа ұшады
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, кейіпкерлердің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар құрастырады, жіктік жалғауды дұрыс қолданады
Оқушылардың кейбірі: мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне баға береді, мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікірін білдіреді.
Бағалау критерийлері Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.
Сөздердің байланысын сақтап жазады.
Лексикалық минимум ұшады
Грамматикалық минимум Жалғау түрлері
Біз тырналарды шығарып саламыз.
Құндылықтарды дарыту
Құстарға қамқорлық, қоршаған ортаны қорғау
Пәнаралық байланыстар дүниетану
АКТ қолдану дағдылары таныстырылым
Бастапқы білім
Қандай әдемі балапан
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
Үй тапсырмасын тексеру
Қалаулары бойынша бірнеше оқушы шығып, өздері құрастырған диалогтарын оқиды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сыныптастарының жауаптарын бағалайды.
Жұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын болжайды.
Жұмбақ
Сирағы ұзын, тырнағы ұзын, балықты үзбей,
Ұстайтын шоқып, тұмсығы біздей. (Тырна)
Сабақ мақсатымен таныстыру
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырамын.
Сөздердің байланысын сақтап жазамын.
Сабақтың ортасы
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет, қимыл арқылы меңгерту

тырна ұшады

Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Тырнаның қанаты, биікке ұшады
(Ө) Тыңдалым
Тыңдалым мәтіні
Тырна –ірі құс. Ақ, қара, сұр тырналар болады. Тырналардың мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа болады. Ол жақсы жүгіреді. Ұясын жерге салады. Тырналар өсімдік тамырымен, құрттармен, жәндіктермен қоректенеді. Тырна күзде жылы жаққа ұшып кетеді.
Мәтінді тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
№ Ақпарат дұрыс дұрыс емес
1 Тырна – кішкентай құс.
2 Тырнаның аяқтары ұзын.
3 Тырна жақсы жүгіреді.
4 Тырналар жәндікті жемейді.
5 Тырналар әртүрлі болады.
Тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен өз жауаптарын тексереді, өзін-өзі бағалайды.

(Т) Оқулықта берілген екі суреттің қайсысына қатысты ақпарат бар? Жауаптарын түсіндіреді.
«Фотосуреттер» әдісі.
Екі топ суреттердің ішінен бір суретті таңдайды.
 суретті таңдау себебін түсіндіреді;
 суретке ат қояды;
 суретке қатысты туындаған идеяларды жазады немесе сұрақтар қояды.

Топтар жауаптарын комментарий айту арқылы бағалады.

(Ж) Оқылым. Мәтінді оқып, мәтін мазмұны бойынша жұпта отырған оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.
Дескриптор:
 Мәтін мазмұнын түсінеді.
 Мәтін мазмұны бойынша кемінде 3 сұрақ құрастырады.
 Сұраққа жауап береді.
Оқылым мәтіні
Бүгін демалыс. Күн бұлтты. Мен далаға шықтым. Аспанда тырналар ұшып барады. Анау – тырнаның балапаны. Ол үлкен болды. Мен тырналарды жылы жаққа шығарып салдым. Олар қыста жылы жақта мекендейді.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық
(Ө) Жазылым.
Саралау тапсырмасы:
 Қабылдау деңгейлері орташа оқушылар оқулықта берілген суреттердің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады.
 Қабылдау деңгейлері жоғары көп нүктенің орнына керекті дыбыстарды қойып оқиды. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, мәтін құрап жазады.
Қ..стар, таби…ат, …шып к…теді, қ…рғаймыз, шы…арып салам…з, к…н су…тады, мекенд…йді.
(дәптерлерін тексеріп, кері байланыс беру)

(Т) Айтылым. «Ашық хат» ойыны. Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлінеді. Үстел үстіндегі күз, құс бейнеленген ашықхаттарды таңдап алады. Ондағы суреттерді естеріне сақтап алуға тырысады. Мұғалім ашықхаттарды жинап алған соң, суреттер бойынша мәтін құрайды. Қай топтың мәтіні қызық әрі дұрыс болса, сол топ «жеңімпаз» болады.
Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.
Сабақтың соңы Үй тапсырмасы:
Көп нүктенің орнына жақшаның ішінен тиісті қосымшаны қойып жазады.Күз (-да, -де) күн суытады. Жапырақ (-тар,-тер,-дар) сарғаяды. Құстар ұшып кете (-ді, -сің, -ды). Құстар-адамның дос (-тары, -ымыз,-сы). Біз құстар (-мыз,-ды, -ді) шығарып саламыз. Олар жылы жақта мекендей (-ды, -ді, -ты)
Рефлексия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *