СОР ЖБ БЖБ «Қазақ тілі» 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) пәнінен (оқыту қазақ тілінде) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ зтк.еби.кг ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………………………………………..4
«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………………………………………..8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 13
«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау …………………………………………………………….13
«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 18
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 24
«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……………………………………………….24
«Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 28
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 33
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…33
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…37
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.3.1 Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси)
талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру
10.4.2.1 Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Көтерілген мәселенің (қоғамдық-саяси) негізгі ойын ақытап, ғаламдық мәселелермен байланыстырады
• Интонация: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті
сөйлеу мәнеріне сай қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Қолдану 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Елбасы: «Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды»
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Болашаққа бағдар — ұлттық жаңғыру» атты мақаласында жазды.
«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда», — деді ол.
Кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейтіндігіне тоқталып өткен елбасы, жершілдік мәселесіне де назар аударып өтті:
«Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ одан да маңыздырақ мәселені — өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым — бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі — ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі — алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек».
4
1. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, қоғамда қандай өзгерістер орын алатын еді?» деген сұраққа «ЭСӘТ талдау» әдісі арқылы жауап беріңіз.
Э (экономикалық) С (саяси)

Ә (әлеуметтік) Т (технологиялық)

2. Мәтіннің негізгі идеясын білдіретін тірек сөздерді сызба түрінде құрылымдап көрсетіңіз.
3. Елбасымыз өз Жолдауында «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі — ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі — алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген Елбасының осы қағидасымен келісесіз бе? Ойыңызды жазбаша 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
4. «Өркениет өмірге келмес бұрын ең бірінші мәдениетттің басын жалмайды» (Хантингтон). «Қалай ойлайсыз, өркениет өрге сүйреп бара ма, көрге ме?» деген сұраққа өз пікіріңізді білдіріңіз. Сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.
5
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Көтерілген мәселенің (қоғамдық-саяси) негізгі ойын ақытап, ғаламдық мәселелермен байланыстырады 1 экономикалық мәселені анықтайды; 1
саяси мәселені анықтайды; 1
әлеуметтік мәселені анықтайды; 1
технологиялық мәселені анықтайды; 1
2 қажетті тірек сөздерді анықтайды; 1
негізгі ойды көрсетеді; 1
3 пікірге қатысты өз ойын білдіреді; 1
Интонация: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады 4 сұраққа жауап береді; 1
әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады. 1
Барлығы 9
6
«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет»бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Көтерілген мәселенің (қоғамдық-саяси) негізгі ойын ақытап, ғаламдық мәселелермен байланыстырады Мәтіндегі қоғамдық-саяси мәселелерді анықтап, көтерілген мәселені талдауда, тірек сөздер арқылы негізгі ойды табуда, ғаламдық мәселелермен байланыстырып, өз пікірін білдіруде қиналады. □ Мәтіндегі қоғамдық-саяси мәселелерді анықтап, көтерілген мәселені талдауда, тірек сөздер арқылы негізгі ойды табуда, ғаламдық мәселелермен байланыстырып, өз пікірін білдіруде қателеседі. □ Мәтіндегі қоғамдық-саяси мәселелерді анықтап, көтерілген мәселені талдайды, тірек сөздер арқылы негізгі ойды табады, ғаламдық мәселелермен байлагныстырып, өз пікірін білдіреді. П
Интонация: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады Логикалық екпін, әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданып, өз пікірін білдіруде қиналады. П Логикалық екпін, әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданып, өз пікірін білдіруде қателеседі. П Логикалық екпін, әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданып, өз пікірін білдіреді. П
7
«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
10.2.2.1 Ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері)
10.3.3.1 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
Білім алушы
• Ғылыми-көпшілік стильдің тілдік құралдарын анықтайды
• Клишелер мен тілдік құралдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі)
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Мәдениет ұғымы
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» (И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252). Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». (Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет).
Мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
8
сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі — Э. Уилсон. Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет.
1. Мәтін функционалды стильдің қай түрінде жазылған? Дәлелдеңіз.
2. Мәтінде ғылыми стильге тән қандай сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер бар? Стильге тән тілдік құралдарын топтастырыңыз.
3. Берілген кестені толтырыңыз
негізгі мағынада жұмсалған сөздер термин сөздер ғылыми ұғымдар дәл, нақты мәліметтер

4. Бүгінгі таңда жастар қазақ халқының сөз кестелерін бұрмалап, елден ерекше көрінгілері келе ме, шетелдің жаргон сөздерімен сөйлеуді күнделікті әдетке айналдырып алған. Қалай ойлайсыздар, қазақ жастарының тіл жұтаңдығының себептері неде? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында төмендегі клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданыңыз.
9
1 абзац
Кіріспе сөз тіркестері / фразалар/.
-Бұл халық арасында саналады…
-Адамдар жиі бекітеді, ..
-Көп адамдар ойлайды, ..
-Кейбір адамдар қарсы…
2 абзац
Өз көзқарасыңды білдіретін фразалар
• Бұл жағдайда мен өз көзқарасымды түсіндірсем деп едім
• Бұл мәселе бойынша мен өз ойымды білдірсем деп едім Талқыланған мәселенің артықшылығын білдіретін фразалар
• Айтылғандай, мен соның пайдасына … бірнеше себептерге
• Соның пайдасына айтылатын көптеген заттар бар…
• Ең жақсы. Ол..туралы..табылады…
Көзқарасты санамалап шығу фразалары
• Біріншіден, ең әуелі
• Бірінші кезекте
• Содан бастайық
• Екіншіден,үшіншіден, ақырында
• Соңғы кезекте емес
Жаңа аргументтер қосатын фразалар
• Бұдан басқа
• Сондай ақ
• Бұдан басқа,..сондай ақ
• Тек қана емес
• Бұдан өзгеше
• Ол туралы сөйлемей ақ, …
3 абзац
• Кейбір адамдар ойлайды, …
• Алайда олар түсінбейді, …
• Олар есепке алмайды,..
• Олар ұмытады,…
• Кейбір адамдар сендіреді,…
• Мен онымен келісе алмаймын, өйткені…
• Мен бұл пікірмен келісе алмаймын,өйткені…
4 абзац
Қорытынды фразалар
• Толықтай алғанда
• Қорытындысында
• Қорытындылай келе
• Барлық жағдайларды ескере отыра
• Соңында
• Барлығын ескере отыра
10
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Ғылыми-көпшілік стильдің тілдік құралдарын анықтайды 1 ғылыми стильдің ерекшелігін біледі; 1
нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдейді; 1
2 стильге тән сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді ажыратады; 1
тілдік құралдарды топтастырады; 1
3 ғылыми ұғымдарды анықтайды; 1
негізгі мағынада жұмсалған сөздерді табады; 1
термин сөздерді ажыратады; 1
дәл, нақты мәліметтерді атайды; 1
Клишелер мен тілдік құралдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі) 4 эссенің құрылымын сақтайды; 1
қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады; 1
көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады. 1
Барлығы 11
11
«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Ғылыми-көпшілік стильдің тілдік құралдарын анықтайды Ғылыми стильдің ерекшелігін анықтап, нақты мысалдар келтіруде, сөз тіркестері мен сөйлемдерді ажыратуда, тілдік құралдарды топтастыруда, нақты мәліметтерді атауда қиналады. П Ғылыми стильдің ерекшелігін анықтап, нақты мысалдар келтіруде, сөз тіркестері мен сөйлемдерді ажыратуда, тілдік құралдарды топтастыруда, нақты мәліметтерді атауда қателеседі. ^ ^ Ғылыми стильдің ерекшелігін анықтап, нақты мысалдар келтіреді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді ажыратады, тілдік құралдарды топтастырып, нақты мәліметтерді атайды. П
Клишелер мен тілдік құралдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі) Эссенің құрылымын сақтауда, қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдануда, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазуда қиналады. | | Эссенің құрылымын сақтауда, қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдануда, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазуда қателеседі. П Эссенің құрылымын сақтайды, қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады. П
12
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы
мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау
10.4.3.1 Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады
• Сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Қазақстан индустрияландыру жолында
Индустрияландыру жолындағы мақсат-міндеттерді іске асырудағы арнайы экономикалық аймақтар мен парктердің үлесі зор. Дайын инфрақұрылым, кәсіпкерлер үшін қарастырылған жеңілдіктер, өзге де қызмет түрлері жаңа өндірісті жолға қоюға көп қолдау берері анық. Сондай индустриялық парк Таразда ашылды. Нысан дайын өндірістік және әкімшілік ғимараттары мен қоймалары бар 41 гектар алаңда орналасқан. Мұнда 20-ға тарта шағын және орта кәсіпорын шоғырланады. Қазірдің өзінде 4 кәсіпкер темір бұйымдарын шығаратын цех ашуға ниет білдіріп отыр. Келешекте дәл осы жерден бизнес инкубатор ашу да жоспарланған.
Қарлығаш Аралбекова, Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы:
— Бұл Үкімет үшін өте тиімді. Өйткені инфрацүрылымды түгелдей қайтадан өткізу ол бірнеше өте үлкен қаражатқа түседі. Басқару компаниясын ашу мәселесі, банкпен, бізбен келісімдер қазір болып жатыр. Жуық арада бизнес инкубаторды ашуды осы жақын арада көздеп отырмыз. Специалистер, бухгалтер болсын, юрист болсын, айти технолог болсын, облысымыздың басқа да кәсіпкерлерге тегін қызмет көрсету.
Осындай индустриялық аймақ Маңғыстау облысында да өз жұмысын бастады. Мұнда кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Іскер азаматтар парктің бірнеше тиімділігі бар дейді. Азамат Тасмағамбетов жеңіл әрі берік пенопласт бұйымдар шығарумен айналысады. Индустриялық паркке қоныстанғалы бері кәсіпкердің шығыны азайып, саудасы қызған.
Азамат Тасмағамбетов, жеке кәсіпкер:
— Өте тиімді. Өйткені индустриялық аймақта біріншіден ғимарат дайын. Суы, тоғы өткізулі түр. Артында теміржолы өтіп түр. Мысалы, вагон келсе жүк түсіріп алуга болады және багасы әрине.
Аумағы 189 гектар жерді алып жатқан индустриялық парк жүзден астам өндіріс орындарына қызмет жасауға қауқарлы. Отандық кәсіпорындармен бірге шетелдік компаниялар да орналаса алады.
13
Ал оңтүстікте өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында 11 индустриялық аймақ құрылған. Қазір тағы бірінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Аймақтың 22 гектарын алып жатқан мына зауыт жоғары кернеулі трансформатор шығарады. Бұл Қазақ тарихындағы алғашқы әрі ең ірі кәсіпорын болмақ. Жалпы құны 17 миллиард теңгеден асатын кешен жылына 120 трансформатор шығаруға қауқарлы. Отандық өнім ішкі нарық пен ТМД елдерінің сұранысын қанағаттандырады деп күтілуде.
Серғазы Күнтуаров, зауыттың бас директоры:
— Енді бұл зауытқа дүниедегі бүкіл жақсы жаңалықты кіргізіп жатырмыз. Қазақстанда бірінші 110-120 КВТ трансформатор шыгады. Бұндай өнім бұрын шықпаган.
Индустриялық аймақта кәсіпкерлерге бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетіліп, инфрақұрылым мемлекет есебінен тартылып жер тегін беріледі.
Нүркен Бегулиев, индустриалды аймақтарды басқарушы компания басшысының орынбасары:
— Облыстағы осы 11 индустриялды аймаққа қажетті инфрақұрылым тарту үшін 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бір ғана мысал 2010 жылдың бірінші тоқсанында осы аймацтарга салынган кәсіпорындар 6,8 миллиард теңге салық төлеген.
Үдемелі Индустриялды-Инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бес жылында іске қосылған өндіріс орындарында Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 176 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы аумағы 959 гектар жерді алып жатқан аймақтарда 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам адам жұмысқа тартылады деп күтілуде.
1. Мәтіндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазыңыз. Бұл терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды автор не үшін қолданды?
2. Мәтінде берілген терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды берілген анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
1.Индустрияландыру а) өндіріске тән, өндіріске қатысты. ~бұйым (жабдық).
2.Экономика ә) зерттеуге, бақылауға арналған зат, құбылыс, объект.
3. Инфрақұрылым б) жұмыскерлерінің саны заңнамалық жолмен белгіленген мөлшерге сай келетін (экономиканың түрлі салаларында түрліше болып келеді) салық жеңілдіктерін, несие бойынша жеңілдіктер алатын басқа да мемлекеттік қолдау көрсетілетін субъект.
4. Кәсіпкерлік в) өнеркәсіптің өркендетілуі, халық шаруашылығына ірі машина техникасының қолданылуы
5. Өндірістік г) өнеркәсіп орнының негізгі өндірістік бөлімшесі
6. Нысан ғ) жаңадан құрылушы кәсіпорындардың тәжірибе алатын және одан әрі өсіру мен нарықтағы өз ұстанымдарын нығайтуға көмек алатын орын
7. Шағын кәсіпорын д) (грекше — шаруашылықты басқару) белгілі бір қоғамның өндіруші күштері мен өндірістік қатынастарының жиынтығы, өндіріс салалары мен түрлерінен тұратын елдің халық шаруашылығы.
8. Цех е) газбен толтырылған пластмасса
9. Бизнес инкубатор ж) адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес
14
шаруашылық қызметі.
10. Пенопласт з) өндіріске қызмет ететін, оның негіздерін құрайтындай шаруашылық және мәдени объектілер мен салалар кешені (жолдар, каналдар, көпірлер, қоймалар, көліктер, байланыс, энергетика, коммуналдық
3. Ертең мектебіңізде жас кәсіпкерлер форумы өтеді. Сіз сол форумның қорытындысында көшбасшы ретінде сөз сөйлеп, қатысушылар атынан үндеу хат мәтінін жариялауыңыз керек. Тақырыбы: «Кәсіпкерлерді бірге қолдайық!» Үндеу хатыңызда тақырыпқа байланысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды түрлендіре қолданыңыз.
15
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады 1 терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазады; 1
автордың қолдану мақсатын айқындайды; 1
2 сөздерді берілген анықтамасымен сәйкестендіреді; 1
Сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады 3 тақырыпты ашады; 1
терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды түрлендіре қолданады; 1
құрылымын сақтайды; 1
жүйелі сөйлейді. 1
Барлығы: 7
16
«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға қатысты терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады Терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазуда, автордың қолдану мақсатын айқындауда, сөздерді берілген анықтамасымен сәйкестендіруде қиналады. □ Терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазуда, автордың қолдану мақсатын айқындауда, сөздерді берілген анықтамасымен сәйкестендіруде қателеседі. □ Терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазады, автордың қолдану мақсатын айқындайды, сөздерді берілген анықтамасымен сәйкестендіреді. □
Сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданады Тақырыпты ашуда, оқырманға ерекше әсерету үшін терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жүйелі қолдануда, құрылымын сақтап, жүйелі сөйлеуде қиналады. | | Тақырыпты ашуда, оқырманға ерекше әсерету үшін терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жүйелі қолдануда, құрылымын сақтауда қателеседі. Тақырыпты ашады, оқырманға ерекше әсерету үшін терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жүйелі қолданады, құрылымын сақтайды. □
17
«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты 10.2.1.1 Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте,
диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау
10.3.2.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Әртүрлі графиктік мәтіндердегі мәліметтер бойынша негізгі үрдістерді анықтайды
• Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары ойлау дағдылары
Орындау уақыты Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
15-20 минут
һИр8://Ьпе^8.кг
1. Мәтінде қандай ақпараттар берілген?Негізгі үрдістерді анықтаңыз.
18
2.«Пирамидалық талқылау» стратегиясын пайдалана отырып, кестеде берілген мәліметтерді талдаңыз.
Қазақстанда жасалған
2015 жылдың 11 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Казақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандықтауар өндірушіні қолдауға шақырды. Мемлекет басшысы «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын іске қосу жөнінде ұсыныс жасады
Әр түрлі қазақстандық өнімдер
Қазақстандық өндірушіні таңдай отырып, біз дағдарыс кезінде еліміздің экономикасына қолдау көрсетеміз.
Орал
«Кублей» ЖШС Б&лық ж»пе ет комсереілерін шығару Өніннің 100-ден астам түрі
в
Актөбе
«Ақтеберентген» АҚ Медициналық рентгеи-днагмостикалык жабдыктарын шыкару
Қостанай
«Қрстанай ЖМЦ» ЖШС Металл буйымдары мен жабдыктарының еңдірісі, металды кэйтэ еңдеу
.V
Ч/
Петропавл
ПБТРОПАВЛ БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ ЖШС Ірі кара малдың терісін кайта еңдеу Жыпына 3,1 мли астам тері



Паалодар
РБА5СОМ СКОПР ЖШС
Құрыльк материалдарын, кубырларды шытару
Қарагаііды «Қарағанды кампиті» АҚ Кэмпит, кондитерлік енімдер шығару 400 түрі
2015 жылы онімиің 8 000 тоннасы
Актау
«ҚазАзот» ЖШС Аммиэк, аммиак селитрасы, азот кышкылының ендірісі
Қызыгюрда «Абзал жане компання» ТС Күріш ендіру 6 000 іл егістік жерлер жылына 26 000 тонна күріш
Шымкент Алматы
«КА2ТЕБ» ЖШС «СҰЛУНҰР» ЖШС
Кабель-еткізгіш Жарык диодтары.
енімдерін шығару шамдардың ендірісі
ІООден астам турі
8 млн. шаңырымға дейін кабель мен
электр сымы
19
Қазақстандық тауардың негізгі импортшылары
2014 жыл.
Таяужәне алыс шетелдерге шығарылған Қазақстан экспорты ■
78,2 миллиард АҚШ долларын құрады Италия 16
Тауар меи қызметтерді |
аймақтарда өндіру
2014 жыл Нидерланды 8,7
Қазақ.стзн бойынша:
Ресей 5,2
Аймақтар бойынша: Франция 4,7
Өнд>ріс көлемі, Облыстар. Касілорын
ТрКЛАИОИ ИҚГ6 қӘЛч^ЛӘр с^нм 4« Швемцария 4.5
2,4 ■нн 109 Румыния 3.2
. V-.- 1 Ш Австрия 2.8
ІД яшш—шш 14 Испания 2.3
1,1 я—шш 73 Түркия 2.2
Грекия 1.9 ят
1,1 нш — нв 117 Украина 1.7 шш
Пзранль 1.5
Өзбскстан і.і
а 5 мі 143 Индия І.і
Финіяндмя 0,9
о^шш 1 117 Оңтуспк Коргя о,9
0 ‘ ш і г.чтсП ■ Ираи о,9
ш^шшт 116 Португаяия о.8
4. ■ : шшшшш аз Кыргыястаи 0,7
Өзгеелдер 7,з
20
3. Мәтіндердегі сандық деректерді мазмұндық тұрғыдан салыстырыңыз.
1-мәтін 2-мәтін

4. Сіз интернет-блог авторысыз. Мәтін құрылымын сақтай отырып, кестеде берілген мәліметтер мен үрдістерді талдап, «Индустрияландыру: ұлттық өнім» тақырыбында мақала жазыңыз.
21
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Әртүрлі графиктік мәтіндердегі мәліметтер бойынша негізгі үрдістерді анықтайды 1 мәтінде берілген ақпараттарды сипаттайды; 1
негізгі үрдістерді анықтайды; 1
2 кестеде берілген мәліметтерді талдайды; 1
негізгі мәселені анықтайды; 1
шешу жолдарын ұсынады; 1
Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады 3 мәтіндердегі деректерді салыстырады; 1
айырмашылығы мен ұқсастығын табады; 1
4 мәтін құрылымын сақтайды; 1
маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады. 1
Барлығы 9
22
«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Әртүрлі графиктік мәтіндердегі мәліметтер бойынша негізгі үрдістерді анықтайды. Мәтінде берілген ақпараттар бойынша негізгі үрдістерді анықтап, шешу жолдарын ұсынуда қиналады. ^^ Мәтінде берілген ақпараттар бойынша негізгі үрдістерді анықтап, шешу жолдарын ұсынуда қателеседі. П Мәтінде берілген ақпараттар бойынша негізгі үрдістерді анықтайды, шешу жолдарын ұсынады. | |
Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады Мәтіндердегі деректерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табуда, мәтін құрылымын сақтап, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазуда қиналады. | | Мәтіндердегі деректерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табуда, мәтін құрылымын сақтап, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазуда қателеседі. | | Мәтіндердегі деректерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады, мәтін құрылымын сақтап, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады. | |
23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.5.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында
тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтай отырып сөйлейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Ғаламдық мәселелер
XX ғасырдың соңғы он жылы дүние жүзі халықтары алдына көптеген шиеленіскен және күрделі проблемаларды қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз — бүкіл адамзатқа қатысты проблемалар. Олар дүниежүзілік қоғамдастық елдердің арасындағы қарым қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін қамтиды. Ғаламдық сұрақтар мен ғаламдық жауаптардың болуын, оларды шешу үшін кең көлемді халықаралық ынтымақтастық болуын қамтамасыз етеді. Ғаламдық проблемалар өзінің бір бірімен әрекеттесуінде өзінше мынандай үшбұрыш құрайды: халықтық әлеуметтік және экономикалық дамуы, айналадағы ортаға ықпалы.
Ғаламдық проблемалардың түрлері: қарусыздану және жер шарында бейбітшіліктің сақталуы, экологиялық, демографиялық, энергетика және шикізат, азық- түлік проблемасы, дүниежүзілік мұхит, ғарышты бейбіт мақсатта игеру проблемасы.
Қарусыздану және жер шарында бейбітшіліктің сақталуы. Соғыс барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуына әсерін тигізіп отыр. Бірақ бұрын ешқашан тұтас елдер мен континеттерді жойып жіберудің нақты мүмкіндігі болған емес. Жанталаса қарулану жыл сайын адамзаттың 1 доллар қаражатын жұтады. Бұл Жапония сияқты бір елдің ұлттық кірісімен шамалас. Дүние жүзі мемлекеттерінің әскерінде өндіргіш еңбектен қол үзіп 26 млн адам сапта жүр. Бұл ГФР секілді елдің экономикалық тұрғыдан белсенді делінетін бүкіл халқындай. 1988 жылы АҚШ пен КСРО арасында әрекет радиусы орташа және кіші ракеталарды жою туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылы Ресей мен АҚШ стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы келісімге қол қойылды. Кейбір аймақтық жанжалдар бітістіріліп, ядросыз аймақтар құру басталды. Шешу жолдары: бейбітшілік саясатын жүргізу, халықаралық қатынастарды реттеу, қару жараққа түсетін қаржы мөлшерінің төмендеуі тиіс.
Экологиялық проблема. Экологиялық проблема дегеніміз — қоғам мен табиғаттың қарым қатынасының айналадағы ортаны сақтаудың проблемасы. XX ғасырдың екінші жартысында айналадағы ортаға түсетін салмақ ерекше күрт өсті. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым қатынаста сапалық өзгеріс байқалады. Бұл халық санағының күрт өсуімен түсіндіріледі. Планетаның интенсивті түрде индустриялануы мен урбандалуы нәтижесінде шаруашылық салмақ жер- жердің бәріне экологиялық жүйелердің өздігінен тазару және қалпына келу қабілетінен асып түсе бастады. Ормандардың құртылуы қатерлі шекке жетті. Жыл сайын 11 млн тропиктік орман ғайып болды. Шөлге айналу процесі жүріп жатыр. Соңғы жылдары стратосфераның озон қабатының бұзылу қаупі анықталды. Бұл әсіресе
24
Антарктида үстінде анық байқалып отыр. Шешу жолдары: қалдықсыз технологияны қолдану, дамушы елдерде энергетика проблемасын шешу, ормандар салу, қорықша және қорықтар сияқты территориялардың салынуын ұйымдастыру.
Дүниежүзілік мұхит проблемалары. Соңғы жылдарда Дүниежүзілік мұхиттың пайдаланылуы күрт күшейді. Теңіз саудасының көлемі сан есе ұлғайып, флоттың тоннажы едәуір көбейді. ГФР кемелерінің әсіресе танкілерінің көлемі мен сыйымдылығын қауырт өзгертті. олардың жүк көтерімділігі 200-300 мың тоннадан асып түсті. Жағалауға түсетін реакциялық салмақ арта бастады. Интенсивті шаруашылық әсерінен мұхит ластанады. Мұнай таситын кемелер апатқа ұшырағанда, Дүниежүзілік мұхиттағы экологиялық жағдайға ерекше зиянын тигізеді.Сондақтан бұл мұхит проблемаларын тек адамзаттың іс әрекеті шеше алады.
1. Сіз Астана қаласында өткен «^8ЕС — 2017» инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресіне қатыстыңыз. Бұл халықаралық шара барысында ХХІ ғасырдың жаһандық мәселелері, оның ішінде бейбітшілікті сақтау, экология, табиғи ресурстардың таусылуы т.б. мәселелер талқыланды. Осы жиында көпшілік алдында «Ғаламдық мәселелерді шешу жолдары» деген тақырыпта сөз сөйлеңіз. Төменде берілген ғаламдық мәселелердің бірін таңдап алып, оны шешу жолдарын ұсыныңыз.
• Қарусыздану және жер шарында бейбітшіліктің сақталуы
• Экология
• Демография
• Энергетика және шикізат
• Азық- түлік проблемасы
• Дүниежүзілік мұхит
• Ғарышты бейбіт мақсатта игеру
25
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтай отырып сөйлейді 1 тақырыпты ашады; 1
бір ғаламдық мәселеге толық тоқталады; 1
мәселенің шешу жолдарын ұсынады; 1
тыңдалым мәтініндегі ақпараттарды қолданады; 1
көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін сақтайды; 1
аудиториямен байланыс орнатады; 1
әдеби тіл нормаларын сақтайды; 1
Барлығы 7
26
«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні______________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтай отырып сөйлейді Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл нормаларын сақтап, аудиториямен дұрыс байланыс орнатуда, мәселенің шешу жолдарын ұсынуда қиналады. | | Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл нормаларын сақтап, аудиториямен дұрыс байланыс орнатуда, мәселенің шешу жолдарын ұсынуда қателеседі. □ Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл нормаларын сақтап, аудиториямен дұрыс байланыс орнатады, мәселенің шешу жолдарын ұсынады.
27
«Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
10.2.4.1 Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады
• Клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, дискуссивті эссе жазады
Ойлау
деңгейі
дағдыларының
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
Берілген екі мәтінді мұқият оқыңыз.
Жылдың басты ғылыми жаңалықтары
Ғалымдар адам өмірін ұзарту үшін барын салып зерттеу жүргізіп жатыр. Бұл еңбектері нәтижесіз емес. Олар адам ДНК-сын ауыстырудың жолын тапты. Сол арқылы осы уақытқа дейін емі табылмаған көптеген ауруларды емдеуге болады.
Гендік инженерия арқылы адам мүшелері өсірілді. Ғалымдар донорлық мүшелердің жетіспеушілігі енді азаяды деп сендіруде. Себебі америкалық ғалымдар гендік инженерия арқылы адам мүшелерін өсірудің жолын тапты. Калифорния университетінің профессорлары СКІ8РК технологиясы арқылы шошқаның ішінде адам мүшелерін өсіріп, тәжірибе жасап көрген. Ол үшін шошқаның эмбрионынан ұйқы безіне жауапты ДНК-ны алып, орнына адамның индукцияланған діңгекті жасушаларын салады. Осы арқылы шошқаның ішінде адамның ұйқы безі өсіп шығады деп болжап отыр. Бұндай эмбриондар “химер” деп аталады. Әзірге ғалымдар “химерлерді” тек 28 күнге ғана шошқаның ішінде қалдырып көрді. “Химерді” зерттеген ғалымдар осы жолмен донорлық мүшелерді өсіруге болады деп отыр.
Жасанды тері жасап шығарылды. Жасанды тері — фантастикалық фильм үшін емес, кәдімгі адамның терісін алмастыру үшін ойлап табылған. Ол адам терісінен аумайды, сол сияқты созылмалы, сол сияқты тегіс. Оны әжімдерді азайту үшін косметикалық жолда немесе түрлі тері аурулары кезінде қажет болатын ылғалдандыру үшін қолдануға болады.Гарвард медициналық институты мен Массачусетс технологиялық институты ғалымдары жасанды теріні бірнеше адамның қолына, аяғына, көзінің астына жабыстырып көрді.Тері синтетикалық материалдан жасалғанымен, ауа өткізетін саңылаулары бар. Соның арқасында терінің тыныс алуына кедергі келтірмейді. Әрі қандай ауа райы болса да, түсіп қалмайды.Ғалымдар бұл теріні енді коммерциялық мақсатта пайдаланғалы отыр. Ол үшін тері ауруы бар адамдарға жасанды теріні жабыстырып, сынақ жүргізіп көрмекші.
Омырау ісігін емдеудің жаңа жолы табылды. Британдық ғалымдар 11 күннің ішінде қатерлі ісікті азайтып, кейбір түрін жойып жіберетін 2 препарат тапты. Басында олар рак жасушаларының тасымалына аталған препараттардың қалай әсер ететінін көрмек болып, ота
28
жасатуға келген әйелдерге енгізіп көрген. Диагноз қойылып, ота жасалатын уақыт аралығында препарат қатерлі ісіктің белгілерін бірін қалдырмастан жойып жіберген. Бұл жаңалыққа ғалымдардың өзі де таң.Бұл препараттар «ҒараІішЪ» және «ТтзШтагаЪ» деп аталады. Соңғысы Негсерііп деген атпен танымал. Олар омырау ісігінің пайда болуына әкелетін НЕК2 ақуызына әсер етеді.
Жас көрінудің құпиясы ашылды.Ғалымдар ғасырлар бойы жас көрінудің құпиясын табу үшін еңбектеніп келеді. Жақында олар сары өңді адамдарда ғана болатын ген тапты. Бұл ген тікелей теріге жауап береді.Ғылыми тілде МС1К деп аталатын ген теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Нәтижесінде тері ылғалдылығын сақтап, әдеттегіден жас көрінеді. Бұны дәлелдеу үшін №і1е^ег компианиясы мен Нидерландтағы Эразмуз Университетінің ғалымы Дэвид Гунн бастаған профессорлар 2693 адамды ешбір бояусыз суретке түсіріп, өзге адамдарға көрсетіп, кімнің жасы қаншада екенін сұраған. Нәтижесінде сары шашты адамдардың түрі жас көрінетіні анықталған.
Клон адам қажет пе?
Адамзат баласы жаңа ғаламат өзгерістің табалдырығында тұр. Бұл гендік инженерияның жаңа бағыты клондауға қатысты. Клондау арқылы адамның биологиялық жасын ұзартуға және адам өмірінің шексіз жалғасуына мүмкіндік ашылады. Бұдан бөлек, қоғам алдында этикалық, философиялық, құқықтық, діни, әлеуметтік проблемалар да пайда болады. «Клон» деген сөз көне грек тілінен аударғанда «бұтақ» деген мағынаны береді. Бұл құбылыс тірі табиғатта жиі кездесіп отырады. Мәселен, бактерия немесе амеба бөлінген кезде өз-өзін клондайды. Мұндай құбылысқа бір тұқымнан өнген бір түп картопты, ұрықтанған жасушадан пайда болған біржұмыртқалы егіздерді жатқызуға болады.
Жалпы, клондаудың екі түрі бар. Соған орай, тіршілік иесін бүтіндей немесе белгілі бір мүшесін ғана жасанды жолмен жасауға болады. Осы екі әдістің соңғысын «терапиялық клондау» деп атайды. Қазір дамыған мемлекеттерде адамның ағза мүшелері өсіріліп, трансплантология, яғни ағза мүшесін ауыстыру ісіне қатысты салада бұл барынша қолданысқа еніп жатыр. Бүтіндей клондауды әдетте «көшірме» деп атайды. Асыл тұқымды малдар мен ерекше жануарлардың түрлерін сақтап қалу үшін бүгінде осы әдіске сүйенеді. Америкалық «Оепеііс 8а^іп§8 & Сіопе» және оңтүстіккореялық «:КЫЪ Віо»
биотехнологиялық компаниясы қалауын білдірген кез келген адамның жақсы көретін ит, мысығын клондап беруге тапсырыс қабылдайтындықтарын мәлімдеген. Бірақ алғашқы компания тапсырыс берушілердің жоқтығынан жабылып қалды. Себебі оның ақысы өте қымбат. Жалпы, әлем елдерінде тәжірибе үшін, қой, ит, мысық сияқты жануарлар әлі де клондалу үстінде. Италяндық эмбриолог ғалым Северино Антинори үш баланы клондағандығын және 62 жастағы әйелдің бала көтеруіне де себепші болғандығын айтады. Алайда ауызша айтқаны болмаса ғалым айғақ ретінде ешқандай дәлел көрсете алмаған.
Жасанды адам жасауға қарсылық білдірушілер қыруар қаржыны қажет ететін клондау әдісінің әзірге адамзатқа қажеті жоқтығын, жасанды адам бәрібір жасанды күйінде қалатындығын алға тартады. Олар көп жағдайда физиологиясы нашар, ой-өрісі жетілмеген болуы мүмкін, әрі клондарда қартаю үрдісі қарқынды жүріп, жасы отыздан аспайды. Жасанды адам жасауға еркін жол ашылса, қылмыс әлемінде бассыздықтар белең алуы мүмкін. Себебі клондар арқылы өз мақсатына жеткісі келетіндердің шығуы ықтимал. Тіпті, кейбір мемлекеттер әскерін жасанды адамдармен жасақтап, соғыс өртін тұтандыруы да ғажап емес. Ал пайдалы тұсы, жақынынан айырылғандар жасанды жол арқылы оларды қайталап жасату арқылы қайғысын басуға мүмкіндік алады. Әсіресе, баласын ажалдан арашалай алмаған ата-аналар үшін бұл әдіс жұбаныш болар еді. Клондалған адам түпнұсқадан айнымайды, тіпті саусақ таңбаларына дейін бірдей болады. Ғалымдардың бір бөлігі түбінде бір гендік инженерияның қызметінен бас тарта алмайтын күн туатынына сеніммен қарайды. Бірақ әр адам қайталанбас жеке тұлға. Ол өмірге бір рет қана келуі тиіс.
Айша АРМАНҚЬІЗЫ
29
1. Екі мәтіннің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.
1-мәтін 2-мәтін
Екі мәтіннің тақырыбы

Мақсаты

Аудиториясы

Құрылымы

Тілдік е рекшеліктері

2. Мәтін бойынша қажетті лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолданып, «Гендік инженерия арқылы адам өмірін сақтау дұрыс па?» деген тақырыпқа өз көзқарасыңызды дәлелдеп, эссе жазыңыз.
30
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады 1 мәтіндердің тақырыбын анықтайды; 1
мақсатын салыстырады; 1
көзделген аудиториясын табады; 1
мәтіндердің құрылымын айқындайды; 1
тілдік ерекшеліктерін талдайды; 1
Клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, дискуссивті эссе жазады 2 тақырыпты ашады; 1
клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады; 1
өз көзқарасын білдіреді; 1
көзқарасына аргументтер келтіреді. 1
Барлығы 9
31
«Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған
ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады Мәтіндердің тақырыбын анықтауда, мақсатын салыстыруда, көзделген аудиториясын табуда, мәтіндердің құрылымын айқындауда, тілдік ерекшеліктерін талдауда қиналады. | | Мәтіндердің тақырыбын анықтауда, мақсатын салыстыруда, көзделген аудиториясын табуда, мәтіндердің құрылымын айқындауда, тілдік ерекшеліктерін талдауда қателеседі. □ Мәтіндердің тақырыбын анықтайды, мақсатын салыстырады, көзделген аудиториясын табады, мәтіндердің құрылымын айқындайды, тілдік ерекшеліктерін талдайды. П
Клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, дискуссивті эссе жазады Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, өз көзқарасын аргументтермен дәлелді жеткізуде, тақырыпты ашуда қиналады. П Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, өз көзқарасын аргументтермен дәлелді жеткізуде, тақырыпты ашуда қиналады қателеседі. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, өз көзқарасын аргументтермен дәлелді жеткізеді, тақырыпты ашады.
32
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы
мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз
Сәулет салтанат құрғанда
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел экономикасы өсуін тоқтатып, әлеуметтің барлық саласында тоқырау болғаны есімізде. Әсіресе, құрылыс нарығына оңай тимеді. Қала мен далада, ауыл мен ауданда, зауыт пен фабрикада, не керек адам аяғы басқан жердің бәрінде құрылыс тоқтады. Құрылысшылар күн көріспен базар жағаласа, архитекторлар шетел асып жатты. Іргетасы қаланып, кірпіші енді өріле бастаған ғимараттар «сақалды құрылысқа» айналды. Қала кейпінің өңі кетіп, қаңыраған ғимараттар қалыпты күйде қабылданды.
Жұрт барды сақтауға талпынған кез еді…
Дәл сол уақытта, айналдырған 25 жыл ішінде, біз Астанадай алып шаһарды тұрғызамыз деп ойламадық. Алматының кең көшелерінде жол айрықтары бірінен соң бірі ашылатынын сезбедік. Шымкент, Ақтау секілді облыс орталықтары жаңаша түлейтінін білмедік. Қытаймен шекаралас аймақта Нұркент қалашығы бой көтеретіні де үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген. Мұның бәріне жету сондай қиын болып көрінетін.
Біз теледидардан Дубай мен Нью-Йорктің көкпен таласқан ғимараттарына сырттай сүйсініп қана отырамыз деп ойладық. Осындайда ойлағанымыздың орындалмағанына қуанасың. Бүгінде қазақ сахарасы әлемнің үздік архитекторларымен қатар, отандық сәулет өнері хас шеберлерінің ойдағысын орындайтын құт мекенге айналды. Кәсіби құрылысшылар сұранысқа ие. Сарыарқа төрінде ХХІ ғасырдың ең сұлу шаһары — Астана, ертегідегідей ғажап шаһарға айналып, жыл санап емес, ай, тіпті күн санап өсіп келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тамаша идеясын жүзеге асыруға Кисе Куросава, Норман Фостер бастаған заманауи архитекторлар Ұлы далаға ат басын бұруда. Олардың қаламынан сызылған эскиздер қағаз жүзінен емес, қала жүзінен көрініс тапты. Отандық архитекторлар да бай тарихымызды паш ететін, ұлттық нақыштағы әсем ғимараттар мен ескерткіштерді көз алдымызға алып келді. Ақмырза Рүстембеков, Сағындық Жанболатов, Шохан Матайбеков бастаған бір топ архитекторлар сіз бен біздің ойда жүрген бар арманымызды, сан қатпарлы қиялымыздағы бейнені қыруар еңбекпен жүзеге асырды.
Осы алмағайып 27 жыл ішінде Азиада мен Универсиадаға арналған әлемдік деңгейдегі спорт кешендері бой көтерді. «ЭКСПО — 2017» қалашығы құрылыс технологиясының жаңа стандарттарымен салынды.
Еліміздің батыс аймағында — Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбеде кең көлемді құрылыс
33
жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, тұрғын үй секторы қарқын алған. Жақын арада Ақтөбеде француз және ағылшын кварталдары пайда болады. Одан бөлек, француздық ІЬіз қонақүй желісінің құрылысы жүргізіледі. Ақтауда Огееп Ріага тұрғын үй кешені әсемдігі мен асқақтығы тұрғысынан талайдың таңдайын қақтырды.
Елдің солтүстігі мен шығысында да таң-тамаша ғимараттар салынуда. Бурабай демалыс аймағында тұғырдан секіру кешені келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Семейде құрылысы басталғалы тұрған Абай арена Ертіс бойындағы ең сұлу кешен болатыны сөзсіз.
Елдің үшінші шаһары атанып жүрген Шымкент қаласында құрылыс қарқын алуда. Алдағы уақытта қаланың солтүстік батыс бөлігінде «Шымкент сити» шағын ауданы бой көтереді. жақында хай тек стиліндегі Ғогіе Ьапк кеңсесі құрылысын аяқтады. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Бейсенбай Тәжібаевтың айтуы бойынша, биыл 5 жолайрығының құрылысы басталады екен.
Асқар БЕК
1. Мақала жанрына тән терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазыңыз.
терминдер сәулет өнеріне қатысты ұғымдар тілдік оралымдар жаңа қолданыстағы сөздер

2. Бұл терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды автор не үшін қолданды?
34
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады 1-2 терминдерді теріп жазады; 1
сәулет өнеріне қатысты ұғымдарды теріп жазады; 1
тілдік оралымдарды теріп жазады; 1
жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазады; 1
жаңа қолданыстағы сөздерді ажыратады; 1
автордың тілдік оралымдарды қолданудағы мақсатын айқындайды; 1
автордың бұл тілдік оралымдарды не үшін қолданғандығын өз сөзімен түсіндіреді. 1
Барлығы 7
35
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат
(рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады Терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазуда, жаңа қолданыстағы сөздерді ажыратуда, автордың тілдік оралымдарды қолданудағы мақсатын айқындауда қиналады. | | Терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазуда, жаңа қолданыстағы сөздерді ажыратуда, автордың тілдік оралымдарды қолданудағы мақсатын айқындауда қателеседі. П Терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды теріп жазады, жаңа қолданыстағы сөздерді ажыратады, автордың тілдік оралымдарды қолданудағы мақсатын айқындайды. | |
36
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
10.2.3.1 Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
Білім алушы
• Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуі мен жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
• Оқылым материалы бойынша негізгі ақпаратты іріктеп, конспект жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Астана — сәулет өнерінің жаңа тынысы
1997 жылдың желтоқсанында астанасы көшіру тәуелсіз Қазақстанның жай ғана саяси акті емес, сонымен қатар қала сәулетінің дамуындағы кезекті айналым болды.
2018 жыл — астананың 20 жылдық мерейтойымен барлық қазақстандықтар үшін айтулы. КОН интернет-порталы қаламыздың қалай өскенін, сәулетінің қалай өзгергендігін, тұрғындарының қалай өзгергендігін көрсетуді шешті.
Шынына келгенде, 90 жылдардың ортасында Ақмола шағын ғана, тыныш провинциалды қала болғанын мойындау керек. Монументалды құрылыстардың қатарына қаланың Орталық алаңын көріктендіріп тұрған Ленин ескерткішін, оның жанындағы саябақта Кеңес үкіметін құру жолында қаза болған большевиктерге арналған стеланы және қаланың кіре берісінде қонақтарды қарсы алып тұрған «К-700» айтуға болады. Бұл Ақмола үшін жеткілікті болғанымен, сұлулықты талап ететін болашақ астана үшін жеткіліксіз еді.
20 жыл бұрын әлемнің үздік сәулетшілері өздерінің шығармашылық қиялдарын іске асыруға мүмкіндік алу үшін тартысқа түсті. Отандық сәулетшілердің қолынан бірқатар бірегей туындылар шықты. Солардың бірі — Владимир Александрович Лаптев.
Владимир Лаптев — Целиноград ауылшаруашылық институтының түлегі, Целиноград қаласының бас сәулетшісі, 1995-2000 жылдары Астананың бас сәулетшісі лауазымын атқарды. Ол Астанадағы Қаржы министрлігі, қалалық әкімдік, «Қазақстан» спорт сарайы, «Солтүстік тәжі» ТК, «Арман» ТК, коньки тебу стадионы және тағы басқа белгілі ғимарат жобаларының авторы. Әңгімелегеннен сурет салуды оңай көретін адамдар бар. Бұлар -сәулетшілер, олар туралы дәл осылай айтады. Белгілі сәулетші В.Лаптев солардың қатарынан. Астана туралы Владимир Лаптев былайша еске алады:
— Біздің буынның Астана салу сияқты ауқымды жобаға қатысу жағынан жолы болды. Бұл үшін мен тағдырыма, мамандығыма, ең бастысы бәріміз үшін маңызды шешім қабылдаған Мемлекет басшысына ризамын. Астананы көшіргеннен кейін 20 жыл өткен соң, біз, сәулетшілер, мақтан тұтуға лайықты осы жылдары салынған ғимараттар емес, қала тұрғындарының, ел халқының көңіл-күйі қаламыздың негізгі жетістігі деп санаймын. Бұл барлық азаматтар қатысатын үдеріске деген мақтаныш. Бұл тіпті мақтаныштан да артық деп айтуға болады. Бұл: «Біздің қолымыздан келеді!» — деген ішкі қуаныш. Демек біздің
37
қолымыздан бұдан да артық істер келеді.
Бұл қалада біздің буын сәулетшілеріне де, келесі буын сәулетшілеріне жұмыс жеткілікті. Егер астана туралы айтар болсақ, алғашқы жылдары тілшілер: «Астананы қашан саласыздар?» деген сұрақты жиі қоятын. Бұл ретте бәрі де екі жылдан соң, әрі кетсе бес жылдан соң деген сияқты нақты жауап болу керек деп ұғынатын. Сол кезде мен: «Біздің астанамызды Париж, Лондон, басқа да қала-астаналармен салыстыру үшін 100, 200 немесе тіпті 300 жыл өтуі керек», — дедім.
100 немесе 200 жылдан соң, Парижде қаланың бас сәулетшісіне журналистер: «Сіздер қашан Астананың деңгейіне жетесіздер?», — деп сұрауы мүмкін деп санайды Владимир Лаптев.
Арман СҮЛЕЙМЕНОВ
1. Мақаланың құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз.
2. Мақаланың түрлеріне анықтама беріңіз.
Проблемалық’ мақала
Насихаттық
мақала
/пубЛ
ицистика-лық мақала
3. «Астана — сәулет өнерінің жаңа тынысы» мәтіні қандай жанрда жазылған? Дәлелдеңіз.
38
4. «Астана — сәулет өнерінің жаңа тынысы» мәтінінің негізгі ойын сақтай отырып, ықшамдап жазыңыз.
39
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуі мен жанрлық ерекшеліктерін анықтайды 1 мәтіннің кіріспесін анықтайды; 1
негізгі бөлімін ажыратады; 1
қорытынды бөлімін табады; 1
2-3 мақаланың жанрлық түрлеріне анықтама береді; 1
мақаланың жанрын ажыратады; 1
Оқылым материалы бойынша негізгі ақпаратты іріктеп, конспект жазады 4 негізгі ойды сақтайды; 1
мәтін көлемін қысқартады; 1
ықшамдау тәсілдерін қолданады. 1
Барлығы 8
40
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат
(рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуі мен жанрлық ерекшеліктерін анықтайды Мәтіннің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін ажыратып, жанрын табуда, түрлеріне анықтама беруде қиналады. □ Мәтіннің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін ажыратып, жанрын табуда, түрлеріне анықтама беруде қателеседі. □ Мәтіннің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін ажыратып, жанрын табады, түрлеріне анықтама береді. □
Оқылым материалы бойынша негізгі ақпаратты іріктеп, конспект жазады Мәтіннің негізгі ойын сақтай отырып, оның көлемін қысқартуда, ықшамдау тәсілдерін қолдануда қиналады. |—| Мәтіннің негізгі ойын сақтай отырып, оның көлемін қысқартуда, ықшамдау тәсілдерін қолдануда қателеседі. ^^ Мәтіннің негізгі ойын сақтай отырып, оның көлемін қысқартады, ықшамдау тәсілдерін қолданады. ^^
41

6 Комментариев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *