Футбол 5 6 7 8 9 10 11 сынып ҚМЖ ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІ


5-11-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАР

5-7-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Оның ішінде
Бөлім №
Тақырып атауы Сағат саны теория-лық сабақ практи-калық сабақ
1 Футбол ойынының сипаттамасы, пайда болу және даму тарихы 1 1
2 Футбол ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелері және спорттық киімге, аяқ киім мен спорт жабдықтарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар 1 1
3 Жарыстың негізгі ережелері 1 1
4 Техникалық дайындық 5 5
5 Дене бітімінің даярлығы Әр сабақ сайын
6 Қозғалмалы ойындар мен эстафеталар 10 10
7 Қорытындылаушы ойындар және ережесі қарапайымдатылған оқу-үйрену ойыны 11 11
8 Бақылау сынағы 1 1
Барлығы 30 3 27

САБАҚ МАЗМҰНЫ
1. Футбол ойынының сипаттамасы, пайда болу және даму тарихы
Бала мен жасөспірімді жан-жақты дамытудағы спорт ойындарының маңызы. Футбол – кеңінен тараған спорт ойындарының бірі. Адамның дене дамуындағы футболдың рөлі. Футбол ойынының пайда болу тарихы. Қазіргі заманғы футбол ойынының отаны.
2. Футбол ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелері және спорттық киімге, аяқ киім мен спорт жабдықтарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Оқушылардың футбол сабағында әрекет ету тәртіптері. Футболмен өз беттерімен шұғылдануға арналған алаңды таңдау. Спорт жейдесі, сабақ өткізілетін орын және спорттық құрал-жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар. Футбол ойнау кезінде жарақаттанудың алдын алу шаралары.
3. Жарыстың негізгі ережелері
Футбол алаңының сызбалары. Төрешілердің атқаратын қызметтері. Футболшылардың ойын ережелерін бұзулары. Ойын нәтижелері: жеңімпаз, жеңілген команда; тең ойын.
4. Техникалық дайындық
Алаңда қозғалу техникасы.Ойыншының тұру қалпы, қозғалу тәсілдері: бір бүйірмен аяқты тіркестіре қозғалу, алға және арқамен жүгіру, жылдамдықты және бағытты өзгертіп жүгіру.
Допты аяқпен соғу. Қозғалыссыз тұрған және сырғып келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен соғу. Қозғалып келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен соғу.
Допты тоқтату. Допты аяқтың ішік жағымен және өкшемен тоқтату. Ұшып келе жатқан допты жерге түсіру.
Доппен қозғалу.Тура бағытпен, бағытты және жылдамдықты өзгертіп доппен қозғалу. Орташа қарқында тура бағытта және доға бойынша, доппен қозғалу.
Қақпашының ойыны. Допты қолмен қабылдау, допты қолмен беру.
Допты беру. Оң және сол аяқтың ішкі жағымен пас беру.
2-3 адымнан жүгіріп келіп, қарсы тұрған ойыншыға пас беру, допты қабылдау және тоқтату (ойыншылардың аралықтары 5-6 м). Бір орында тұрып пас беру: тігінен, көлденеңінен, диагоналмен, төмен, биік.
Футбол ойыны элементтерінен құралған қозғалмалы және жеңілдетілген ойындар.
Тактикалық әрекеттер. Шабуыл мен қорғаныстағы тактикалық әрекеттерді үйрету. Допты бұрыштамадан ойынға қосқан соң, шабуыл мен қорғаныста орындалатын тактикалық әрекеттер. Қарсы команда қарымта шабуыл ұйымдастырған кезде қорғаныста орындалатын техникалық-тактикалық әрекеттер. Тактикалық ойын комбинацияларын шыңдау.
Футбол және мини-футбол оқу-үйрену ойыны.
5. Дене бітімінің даярлығы
Доппен және допсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығуларының кешені.
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, жылдамдықты, ептілікті, иілгіштікті, қимыл қозғалыс және пас беру дәлдігін дамытуға арналған, доппен және допсыз орындалатын жаттығулар кешені.

6. Қозғалмалы ойындар мен эстафеталар
Футбол добымен өткізілетін қарапайым ойындар мен эстафеталар; ептілік, иілгіштік, жылдамдық сапаларын дамытуға арналған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар, доппен қозғалу, бағытты өзгертіп жүгіру ойындары.
7. Оқу-үйрену ойыны
Көлемі 15-20×25-30 м болатын шағын алаңға кішкентай қақпа орнатып, 2×2, 3×3 құраммен қарапайым ереже бойынша футбол ойнау. Үйретілген әдіс-тәсілдерді жетілдіру, ойын ережелерімен таныстыру.
8. Бақылау сынағы (5-БӨЛІМНІҢ №48 бет. қараңыз)

8-9-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Оның ішінде
Бөлім №
Тақырып атауы Сағат саны теория-лық сабақ Бөлім №

1 Футбол ойынының сипаттамасы, пайда болужәне даму тарихы 1 1
2 Футбол ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелері және спорттық киімге, аяқ киім мен спорт жабдықтарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар 1 1
3 Жарыстың негізгі ережелері 1 1
4 Техникалық дайындық 10 10
5 Дене бітімінің даярлығы Әр сабақ сайын
6 Қорытындылаушы ойындар мен ойын жағдайлары 8 8
7 Қарапайым ереже бойынша футбол ойнау 8 8
8 Бақылау сынағы 1 1
Барлығы 30 3 27

САБАҚ МАЗМҰНЫ

1. Футбол ойынының сипаттамасы, пайда болу және даму тарихы
Адамның жан-жақты дамытудағы спорт ойындарының маңызы. Футбол – кеңінен тараған спорт ойындарының бірі. Адамның дене дамуындағы футболдың рөлі. Футбол ойынының пайда болу тарихы. Қазіргі заманғы футбол ойынының отаны.

2. Футбол ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелері және спорттық киім, аяқ киім мен спорт жабдықтарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Оқушылардың футбол сабағында әрекет ету тәртіптері. Футболмен өз беттерімен шұғылдануға арналған алаңды таңдау. Спорт жейдесі, сабақ өткізілетін орын және спорттық құрал-жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар. Футбол ойнау кезінде жарақаттанудың алдын алу шаралары. Сабақта қауіпсіздік ережелерін қаматамасыз ету бойынша атақаратын мұғалімнің әрекеттері.

3. Жарыстың негізгі ережелері
Футбол алаңының сызбалары. Төрешілердің атқаратын қызметтері. Футболшылардың ойын ережелерін бұзулары. Ойын нәтижелері: жеңімпаз, жеңілген команда; тең ойын. Допты қапталдан ойынға қосу.

4. Техникалық дайындық
Алаңда қозғалу техникасы.Ойыншының тұру қалпы, футболшы қалпында қозғалу: бір бүйірмен аяқты тіркестіре қозғалу, бетті қаратып және арқамен жүгіру, жылдамдықты және бағытты өзгертіп жүгіру.
Допты аяқпен соғу. Аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен қозғалыссыз тұрған және сырғып келе жатқан допты соғу.
Допты тоқтату. Допты аяқтың ішік жағымен және өкшемен тоқтату. Ұшып келе жатқан допты жерге түсіру.
Доппен қозғалу. Тура бағыт бойынша, бағытты және жылдамдықты өзгертіп доппен қозғалу. Орташа қарқында тура бағытпен және доға бойынша доппен қозғалу. Алдау әрекеттері (финттер).
Қақпашының ойыны. Қақпашының ойын техникасы(допты төменнен, жоғарыдан, құлап қағып алу, қағып жіберу, өткізіп жіберу).
Допты беру. Бір орыннан пас беру (көлденеңінен, тігінен, диагоналмен, төмен, биік). Қозғалыс кезінде пас беру.
Тактикалық әрекеттер. Шабуыл мен қорғаныстағы тактикалық әрекеттерді үйрету. Допты бұрыштамадан ойынға қосқан кезде шабуыл мен қорғаныста орындалатын тактикалық әрекеттер. Қарсы команда қарымта шабуыл ұйымдастырған кезде қорғаныс шебінде орындалатын техникалық-тактикалық әрекеттер. Тактикалық ойын комбинацияларын шыңдау.
Футбол және мини-футбол оқу-үйрену ойыны.

5. Дене бітімінің даярлығы
Доппен және допсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығуларының кешені.
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, жылдамдықты, ептілікті, иілгіштікті, қимыл қозғалыс және пас беру дәлдігін дамытуға арналған, доппен және допсыз орындалатын жаттығулар кешені.

6. Қорытындылаушы ойындар
Дриблинг жасау, допты қадағалау, бағытты өзгертіп доппен қозғалу, доппен соққы жасау және пас беру, бір орында тұрып және қозғалыс кезінде допты тоқтату дағдыларын нығайтуға арналған қорытындылаушы ойындар.

7. Оқу-үйрену ойыны
Көлемі 15-20×25-30 м болатын шағын алаңға кішкентай қақпа орнатып, 2×2, 3×3 құраммен қарапайым ереже бойынша футбол ойнау. Үйретілген әдіс-тәсілдерді жетілдіру, ойын ережесімен таныстыру.
8. Бақылау сынағы (5-БӨЛІМНІҢ №48 бет. қараңыз)

10-11-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Оның ішінде
Бөлім №
Тақырып атауы Сағат саны теория-лық сабақ Бөлім №

1 Футбол ойынының сипаттамасы, пайда болу және даму тарихы 0.5 0.5
2 Футбол ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелері және спорттық киім, аяқ киім мен спорт жабдықтарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар 0.5 0.5
3 Жарыстың негізгі ережелері 1 1
4 Техникалық дайындық 8 8
5 Дене бітімінің даярлығы Әр сабақ сайын
6 Жеңілдетілген ойын 10 10
7 Футбол ойыны 9 9
8 Бақылау сынағы 1 1
Барлығы: 30 3 27

САБАҚ МАЗМҰНЫ

1. Футбол ойынының сипаттамасы, пайда болужәне даму тарихы
Адамның жан-жақты дамытудағы спорт ойындарының маңызы. Футбол – кеңінен тараған спорт ойындарының бірі. Адамның дене дамуындағы футболдың рөлі. Футбол ойынының ережесі пайда болуы туралы мәліметтер. Алғашқы футбол клубтарының құрылу тарихы.

2. Футбол ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелері және спорттық киімге, аяқ киім мен спорт жабдықтарына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Оқушылардың футбол сабағында әрекет ету тәртіптері. Футболмен өз беттерімен шұғылдануға арналған алаңды таңдау. Спорттық киімге, сабақ өткізілетін орын және спорттық құрал-жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар. Футбол ойнау кезінде жарақаттанудың алдын алу шаралары. Мұғалімнің сабақ кезінде қауіпсіздік ережелерін қаматамасыз ету бойынша атқаратын әрекеттері.

3. Жарыстың негізгі ережелері
Футбол алаңының сызбалары. Төрешілердің атқаратын қызметтері. Футболшылардың ойын ережелерін бұзулары. Ойын нәтижелері: жеңімпаз, жеңілген команда; тең ойын. Допты қапталдан ойынға қосу. Команда құрамы және алаңда орналасу тәртібі. Ойын уақыты, үзілістер. Ойын алаңының ауысымы. Ойын құрылымы: жеребе тарту, ойыншылардың алаңда орналасуы, қыздырыну.
4. Техникалық дайындық
Алаңда қозғалу техникасы.Ойыншының тұру қалпы, футболшы қалпында қозғалу: бір бүйірмен аяқты тіркестіре қозғалу, алға және арқамен жүгіру, жылдамдықты және бағытты өзгертіп жүгіру.
Допты аяқпен соғу. Қозғалып келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен соғу. Қорғаушы қарсылық көрсетпеген және көрсеткен кезде допты аяқпен және баспен соғу.
Допты тоқтату. Допты аяқтың ішік жағымен және табанмен тоқтату. Ұшып келе жатқан допты жерге түсіру. Допты кеудемен тоқтату. Допты ойыншы қарсылық көрсеткен кезде тоқтау. Допты тартып алу. Сырғып келіп, қарсыластың добын тартып алу.
Доппен қозғалу. Тура бағыт бойынша, бағытты және жылдамдықты өзгертіп доппен қозғалу. Орташа қарқында тура бағытпен және доға бойынша доппен қозғалу. Қорғашу қарсылық көрсеткен және көрсетпеген кезде доппен қозғалу.
Қақпашының ойыны. Қақпашының ойын техникасы(допты төменнен, жоғарыдан, құлап қағып алу, қағып жіберу, өткізіп жіберу). Қақпашының тактикалық әрекеттері.
Допты беру. Бір орында тұрып пас беру (көлденеңінен, тігінен, диагоналмен, төмен, биік). Қозғалыс кезінде пас беру.
Тактикалық әрекеттер. Допты бұрыштамадан ойынға қосқан кезде шабуыл мен қорғаныста орындалатын тактикалық әрекеттер. Қарсы команда қарымта шабуыл ұйымдастырған кезде қорғаныста орындалатын техникалық-тактикалық әрекеттер. Тактикалық ойын комбинацияларын шыңдау. Ойыншының шабуыл мен қорғаныстағы дербес әрекеттері. Ойыншының доппен және допсыз орындайтын әрекеттері. Топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Футбол және мини-футбол оқу-үйрену ойыны.

5. Дене бітімінің даярлығы
Доппен және допсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығуларының кешені.
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, жылдамдықты, ептілікті, иілгіштікті, қимыл қозғалыс және пас беру дәлдігін дамытуға арналған, допты қақпаға дәл соғу, төзімділікті дамытуға арналған жаттығулар кешені.

6. Қорытындылаушы ойын
Дриблинг жасау, допты қадағалау, бағытты өзгертіп доппен қозғалу, доппен соққы жасау және пас беру, бір орында тұрып және қозғалыс кезінде допты тоқтату дағдыларын нығайтуға арналған қорытындылаушы ойындар.

7. Оқу-үйрену ойыны
Көлемі 15-20×25-30 м болатын шағын алаңға кішкентай қақпа орнатып, 2×2, 3×3, 4×4 құраммен қарапайым ереже бойынша футбол ойнау. Қапталдағы сызықтан допты екі қолмен лақтырып ойынға қосу біліктілігі. Үйретілген әдіс-тәсілдерді жетілдіру, ойын ережесімен таныстыру.

: ҰСЫНЫЛҒАН «ФУТБОЛ САБАҒЫ» ЖОСПАР-КОНСПЕКТІЛЕРІ
5-7-сыныптарға арналған сабақ жоспары

Мектептегі оқу-жаттығу сабағының
№ 49 ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІ

Тақырыбы: ДОПТЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛУ БАҒЫТЫН ӨЗГЕРТУ
Оқытушы:
Сабақтың жабдықтары: Тасымалданатын қақпалар ●№3 және №4 доптар ●Конустар ●Бағандар●Фишкалар●Манишкалар ●
Міндеттері: ● Қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту ●Доппен «адымдап» қозғалуды және табанның сыртқы жағымен бұрылуды үйрету.
Сабақтың ұзақтығы: 40 минут

№ Сабақтың мазмұны Мөлшерлеу Ұйымдастырушы-әдістемелік нұсқаулар
Дайындық бөлімі 6 минут
1. Сапқа тұрғызу. Сабақ міндеттерін нақтылау.
2. Қыздырыну, бір орында және қозғалыста орындалатын жалпы дамыту жаттығулары 6
мин.
Негізгі бөлім 32 минут
3.
ТЕХНИКАЛЫҚ КЕШЕН 8
мин Міндеті: доппен«адымдап» қозғалу және «аяқтың сыртқы жағымен бұрылу» атты техникалық тәсілдерді үйрету.
Мазмұны: оқушылар төрттіктерге бөлінеді. Олар жұптасып, бір-біріне қарай доппен қозғалады және доппен 5-7 рет әрекет еткен соң аяғын сермеп (соққы немесе пас беруге ишара), аяқтың сыртымен бұрылады да, доппен қарсы бағытта қозғалады.
Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар: әр адым сайын аяқты допқа тигізу, тәсілді оң және сол аяқпен жасау.

«СЕРІКТЕСТІ ҚУЫП ЖЕТ»
ОЙЫНЫ

Міндеті: жүру бағыты мен екпінін өзгертіп, доппен қозғалуды үйрету.
Бапкер балаларға допты бақылаудың түрлі тәсілдерін көрсетеді: аяқтың ішкі немесе сыртқы жағымен, үстермен, сондай-ақ табанмен. Содан соң, сол тәсілдерді бұйрық бойынша орындауларын сұрайды. Балалар аталған тәсілдерді игерген соң ойын басталады.
Мазмұны: балаларды 1 «ұры» және 2 «полицей» етіп тағайындап, үштіктерге бөледі. Барлық үштіктер алаңның орталық сызығына орналасады (ұрылар полицейлердің ортасына тұрады). Бапкердің белгісі бойынша ұры кез келген қапталдағы сызық бойымен (ортаңғы сызықтан 10 м жерден сызылған) жүгіреді. Полицейлер ұрының жүгіру бағытын анықтап, сол сызықты ұрыдан бұрын өтуге тырысады. Сызықтан бірінші болып өткен бала 3 ұпай, екінші келген – 2 ұпай, ал үшінші келген бала – 1 ұпай алады. Белгілі бір уақыттан соң балалар рөлдерімен ауысады.
Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар: Әр команда бойынша есеп жүргізіледі. Қапталдағы сызықтың қашықтығы біртіндеп ұлғайтылады (20 м дейін). Доппен бұрылу және денемен алдау әрекеттерін қолдану. Әр адым сайын аяқты допқа тигізу.
5. 4×4 + қақпашылар
ФУТБОЛ ОЙЫНЫ
14 мин. Міндеті:допты қадағалау және доппен бұрылудың техникалық дағдыларын шыңдау. Футболшылардың ойын кезінде жан-жақтарын (кеңістікті) бағдарлай білу біліктіліктерімен таныстыру.
Мазмұны: көлемі 20×20 м болатын алаңда (20×40 м алаңының жартысы) аз құраммен ойнау.
Қақпаның көлемі 1×1,5 м.
Тапсырмаға қойылатын талаптар:допты қабылдаған соң, оны бірден теппей, техникалық тәсіл жасау керек: доппен «адымдап» қозғалу, доппен бұрылып, ойыншы жоқ аумаққа ауысу, жақсы көңіл-күйді сақтай білу, ойыннан ләззат алу.
Қорытынды бөлім 2 минут
6. Жеңіл жүгіріс, жүру және иілгіштікті дамыту. 2мин.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *