ҚМЖ Қазақстан тарихы 7 8 сынып қысқа мерзім жоспары


Қысқа мерзімді жоспар
8-сынып
Жылына 68 с, аптасына 2 c.

Сабақ : № 1 Мектеп:
Күні: Мұғалім:
Сынып: 8 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тарихы туралы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.1.2 – XV-XVII ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Сабақтың мақсаты Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет- түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
Сабақ нәтижесі Барлық оқушылар
тарих пәнінің ұғымымен таныса отырып Қазақстан тарихының жазбаша және заттай деректер негізінде және тарихи жәдігерлермен таныса Топтасып жұмыс істеуге бір – бірімен ой бөлісіп қорытынды жасауды, ойларын ашық және толық жеткізуге үйренеді.
Көптеген оқушылар
Оқушылар тарих ұғымының қалай қалыптасып дамуы туралы заттай және жазбаша деректермен таныса келе тарих пәні ұғымының негізін түсінед
Кейбір оқушылар
Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады
Бағалау критерийлері Тарих пәні туралы білу.
Тарихтың негізін салушы тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің маңызын анықтау.
Көне замандардан бастап орта ғасырлық тарихшылардың еңбектеріне тоқталып, Қазақ тарихындағы алатын орнын бағалау.
Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
Пәнаралық байланыс: Драматургия
АКТ-ны қолдану дағдылары: PowerPoint таныстырылымы.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
Тарихтың дамуын тексереді.
Пән лексикасы және терминология:
Қоғам, тарих негіздері, адамның пайда болуы .
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Келесі көріністе сіздер ………………………….. тамашалайсыздар.
Назарларыңызға ұсынылған қойылымда ………………… куәгері боласыздар.
Осыған дейін меңгерілген білім «Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбында сөздік қорын дамытып, тыңдалым дағдыларын дамытты. Одағайларды мағыналарына сай қолданды.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақ басы
5 мин
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.
«Миға шабуыл»
Өткенді қайталау /Үй тапсырмасын сұрау/
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінді?
• Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?
• Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің?
• Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай?
• Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады?
• Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің?
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен танысады. Үлестірме қағаз;
Слайд 1-4

Сабақ ортасы
10 мин

15 мин

5 мин Сұрақ – жауап (5 минут)
 «Тарих» сөзі қандай мағына білдіреді?
 «Тарихтың атасы» деп кімдерді айтамыз?
 Шежірешілер мен жылнамашылар деп кімдерді айтамыз?
 Қазақстан тарихы қандай бөлімдерден тұрады?
«Тарих» сөзін алғаш қолданған арабтар. «Тарих» сөзі- «зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағынаны білдіреді. Тарих- астрономия, арифметика ғылымдары сияқты ең көне ғылымдардың бірі. Тарих-ең алдымен, жекелеген ұлы тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері.Ал, бізге ата-бабаларымыздан қалған мол тарихи мұраларды зерттеп, дәуір-дәуірге бөліп, бір жүйеге келтіріп жеткізетін адамдарды-тарихшылар дейміз.
Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Ал, «шежіре» сөзі- есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Жазба тарихтың негізін салған б.з.б 484-425ж. өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы Геродот болып есептеледі.Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, батыста «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды. Ал шығыста тарихтың атасы Сыма Цяньді атайды. Ол б.з.б 145-86ж. өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды»қалтырды. Сыма Цянь б.з.б 3 мың жылдықтан бастап өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты. Көне замандардан бастап ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Рашид ад-Дин болды. Ол 1247-1318ж. аралығында өмір сүріп, «Жами-ат тауарих» кітабын жазды.
Тарих-бізге өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену үшін, бұрынғы ата-бабаларымыздың қандай болғанын, қазіргі күнгімен салыстыра отырып, саралау үшін қажет. Өткен қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Тарих пен шежіре- ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді.Сонымен бірге адамзат баласының бүкіл тарихына ой жүгіртетін жол.
Қазақстан тарихы- жалпы тарихтың құрамдас бөлігі, бұл біздің туған Отанымыздың тарихы. Қазақстан тарихы төрт кезеңге бөлінеді:
1. Ежелгі Қазақстан тарихы.
2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V-XV ғ.)
3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (XV-XIXғ.)
4. Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы (XX ғ. Басынан бүгінгі күнге дейінгі)
Тарихи кезеңдеу
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Ерте ортағасырлық кезеңі Дамыған ортағасырлық кезеңі Кейінгі ортағасырлық кезең
(VІ-ІХ ғғ.) (Х-ХІV ғғ.) (ХV-ХVІІ ғғ.)
Түрік қағанаты Қарахан мемлекеті біртұтас Қазақ хандығының
Батыс түрік қағанаты Наймандар құрылуы
Түргеш қағанаты Керейіттер
Қарлұқ қағанаты Жалайырлар
Оғыз мемлекеті Қарақытайлар
Қимақ қағанаты Қыпшақ хандығы
Монғол империясы
Алтын орда
Ақ орда
Моғолстан
Әмір Темір мемлекеті
Ноғай Ордасы
Әбілқайыр хандығы
Сібір хандығы
Тақырып мазмұнының ашылуы
Безендірілуі
Шығармашылығы
Бағалау критерийі Дескриптор Ұпай (1-5)
Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазады Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады
Тариқ туралы деректерді дұрыс анықтайды Суреттерге қарап тарихи деректерді қолданады
Тапсырмаларды дұрыс орындайды
Кері байланыс.
Тыңдаған топтардың кері байланысы.

Мәтін жазылған үлестірме қағаз;
Таймер

Сабақ соңы
5 мин
Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды? Үлестірме қағаз
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Дифференциация үш түрде іске асады:
1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.
2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.
Оқушылар бір-бірін дискрипторлар арқылы бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.
Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
2..
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Өзін –өзі бағалауда басшылыққа алатын табыс критерийлері
Табыс критерийлері Ұпайлары (егер сұрақты ашпасаңыз-
0-ді, егер сұрақ толығымен ашылса 5-ті айналдыра сызыңыз) Жалпы ұпай
А.Тарих пәні туралы білдім.
0 1 2 3 4 5
В. Тарихтың негізін салушы тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің маңызын анықтадым.
0 1 2 3 4 5
С.Көне замандардан бастап орта ғасырлық тарихшылардың еңбектеріне тоқталып, Қазақ тарихындағы алатын орнын бағаладым.. 0 1 2 3 4 5

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мектеп:
Күні: Мұғалімніңаты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы

XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Зерттеу сұрақтары: Қазақ қоғамы қандай әлеуметтік топтар мен таптарға жіктелді?
Әрбір әлеуметтік топ өкілдері қандай қызмет атқарды?
Хандардың, би, батырлардың басшылық ролі, шешімдері қаншалықты маңызды болды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
8.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау
8.4.1.1 жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтайды
қоғамдық-саяси өмірдегі батыр, би, сұлтан, жыраулардың қызметтерін анықтайды
Көптеген оқушылар
Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің билік жүйесінің ерекшеліктерін зерттейдіу
Кейбір оқушылар
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсініктерін қамтиды
Бағалау критерийлері Білу және түсіну::Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың қызметін талдайды
Анализ:Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтар мен таптарды ажырата алады, жіктейді.
Анализ :Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтар мен таптардың қызметін ажырата алады
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
Әлеуметтік топтар, «ақсүйек»,қарасүйектер
дипломатиялық миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатының әскери-отаршылдық сарыны, ойрат басқыншыларына қарсы қазақ хылқының азаттық күресі, отар, империя, сепаратизм, құрылтай
Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, алшығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
Пәнаралық байланыстар Дүниежүзі тарихы,қазақ әдебиеті,географияпәндерінен плған білімдерін кіріктіру
АКТ қолдану дағдылары Қажетті ақпаратты алу және өңдеу дағдысы дамытылады.
Бастапқы білім
Қазақ тарихы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басыҚызығушы
лықты ояту кезеңі
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Оқушылар сандықшадан кезекпен қағазды алып, онда жазылған сөздерге көңіл-күйін жеткізіп, айтады.
Тыңдаған оқушылар одағай түрін анықтайды.
Тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен танысады
Миға шабуыл әдісін пайдалану
1. Ерте орта ғасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?
2. Түріктер туралы мәлімет беретін қандай ескерткіштерді білесің?
3. Ұлы Жібек жолының ерте ортағасырлық мемлекеттер тарихындағы рөлі қандай?
4. Неліктен ерте ортағасырлық мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмады?
Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген қандай түрік тілдес халықтарды білесің?.
БЫМ «Суреттер сөйлейді» әдісімен тақырыпқа шығу

Сабақ тақырыбын анықтау
Оқу мақсатын анықтау Интерактивті тақта
Сабақтың ортаңғы кезеңі

Мағананы тану
Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру, мағанасын талдау
1. Орыс мемлекетінің қазақ хандығы жеріне көз салуының себебі неде?
2. ХУІІІ бас кезеніңде Қазақ хандығының көрші елдермен қарым- қатынастары қалай қалыптасты?
3. Тәуке ханның қазақ қоғамындағы ұйымдатырушылық және қайраткерлік орны туралы не айтасың?
4. «Жеті жарғы» заңды қазақ қоғамына не үшін қажет болды?
5. Әбілқайыр ханға тарихи тұлға ретінде қандай баға беруге болады?
Топтық жұмысты ұйымдастыру
Зерттеу сұрақтары арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдысының жүруі ұйымдастырылады
Зерттеу сұрақтары:
Қазақ қоғамы қандай әлеуметтік топтар мен таптарға жіктелді?
Әрбір әлеуметтік топ өкілдері қандай қызмет атқарды?
Хандардың, би, батырлардың басшылық ролі, шешімдері қаншалықты маңызды болды?
Оқушылар әрекеті:
Зерттеу сұрақтарын 3 топта жауаптарын сынып алдында қорғайды.
Мәтінді оқу арқылы оқушылардың топтық жұмысты жасауын ұйымдастырыңыз.
Бағалау Критерийлері:
Топтық жұмыс критерийлері:
Ханның 3-ден кем емес қызметін анықтаңыз.
Бидің 3 –ден кем емес қызметін сипаттаңыз.
Батырдың 3 – ден кем емес ролін көрсетіңіз
Мұғалім әрекеті:жеке жұмысты ұйымдастыру.
Мәтінді оқу арқылы әрбір сатының маңыздылығын анықтау.Жеке тапсырма.
XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының қызметін көрсету.
Хандар Тәуке хан Қайып хан Әбілқайыр хан
Жеке бас ерекшеліктері
Ханның жүргізген іс-әрекеті мен саясаты
Тарихи маңызы

Оқушылар әрекеті:
Критерийі:
Өзіңіз таңдаған 3 қызметтің 1-ден кем емес маңыздылығын талдаңыз
1 саты -Ауыл- ауылбасы
2 саты — Ата-аймақ – ақсақал
3 саты — Ру – рубасы
4 саты — Арыс –би
5 саты – Ұлыс – сұлтан
6 саты — Жүз – хан
7 саты -Хандық — хандардың ханы
Құжатпен жұмыс.8 сынып хрестоматия.Хрестоматия құжатын пайдалану арқылы әр топ өкілдерінің қандай міндеттерін мен құқықтары болғандығын анықтау.
Жұптық тапсырманы орындау критерийлері:
1.Мемлекеттік билік жүйесінің 2 –ден кем емес ерекшеліктерін анықтаңыз.
2. Әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы 2 –ден кем емес орнын көрсетіңіз.
3.Қорытынды ойыңызды 2 сөйлемнен тұратын шағын оймен жазыңыз
Оқушылар әрекеті:
Жұпта өзара талқылау арқылы құжат мәтінінен ақпараттарды біледі және түсінеді.
XVII ғ. қазақ қоғамында болған шаруалардың, батырлардың, билердің, қожалардың қызметін анықтайды
Интерпретация.Топтық жұмыс:
Оқушылар «еркін микрофон» әдісі арқылы әлеуметтік топ өкілінің атынан қоғамдағы орны мен маңыздылыған дәлелдеуі тиіс
Мұғалім әрекеті:
Б Жоғарыда орындалған тапсырмаларға сәйкес оқушылар «Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар хандықты нығайтуда қандай рол атқарды?» деген тақырыптағы сұраққа қайта оралып ойларын тұжырымдап дәптерге жазады.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін қойылатын сұрақтар:
1. XVIII ғасырда Ресейдің Қазақстанға қызығушылығының күшеюіне не себеп болды?
2. XVIII ғасырдағ Қазақ хандығының ішкі жағдайын қалай бейнелеуге болады?
3. XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығы төңірегіндегі сыртқы хал-ахуал өте күрделі болды, осыған мысал келтір.
Дайын дидак матери
Үлестірмелі қағаз
Сабақтың соңы Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды?
Күтілетін жауап:
әлеумет – сол қоғамның портреті
әлеуметтік топтар – меншік сипатына, табыс мөлшеріне, билік көлеміне, беделіне, ұлттық белгілеріне қарай рөл атқарады Слайд 12
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтақырыбы:Қазақ- жонғар соғыстары .Ақтабан шұбырында.Алакөл Сұлама заманы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.1.1 жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау
8.3.2.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Жоңғар мемлекетінің құрылуын түсіндіре алады
Көптеген оқушылар
Екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайын салыстыруға үйренеді
Кейбір оқушылар
Жоңғар мемлекетінің шабуылдау себептерін айқындай алады
Бағалаукритерийлері Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне қандай себеп болғандығын айта алады.
Жоңғар хандығының жеңуіне ықпал еткен сәтті факторларды айқындап, қонтайшы қызметіне баға береді
Осы параграфта көрсетілген тарихи-географиялық орындарды, шайқас болған жерлерді картадан табады. Осы тақырып бойынша хронологиялық кесте құра алады.
Қарақұмда өткен құрылтайдың, Бұланты, Аңырақай шайқастарының маңызын айтады, сонымен қатар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан қандай тарихи сабақ алуға болатындығын дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар
Пәнге қатысты лексика мен терминология:сұлтан, хандық билік, тақ мұрагері, жырау, орталық, әулет, феодализм, аристократия, уәзір, хан, би, батыр, жасақ;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.
Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…
«Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар хандықты нығайтуда қандай рол атқарды?» деген тақырыпта 40-55 сөзден тұратын мақала жазады. (жазылым дағдысы)
Құндылықтарды дарыту

-патриотизм
— отансүйгіштік
— өз халқы үшін мақтаныш
— көшбасшылық
— ұлттық сана – сезім
— бостандық
Пәнаралықбайланыстар Қазақ әдебиеті, дүние тарихы, құқық негіздері
АКТ қолдану дағдылары АКТ дағдыларындамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)
Бастапқы білім
Тәуке ханның билік еткен кезеңін және жеті жарғы заңдар жинағын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
0-3 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Жағымды атмосфералық ахуал қалыптыстыру.
2. Оқушыларды топқа бөлу
Оқушыларға бүгінгі сабақтағы терминдер бойынша (хан, би, батыр) деп бөлемін.

Презентация

Сабақтың ортасы

3-8 мин

8-13 мин

13- 18 мин

18-23 мин

23-28 мин

28-37 мин

37-38 мин

3.Ширату сәті:
Оқушыларға тақырыпқа сай видеоматериал көрсетіледі де, жаңа сабақты ары қарай өрбіту үшін сұрақтар қойылады:
— Қазақ қоғамы қандай әлеуметтік топтар мен таптарға жіктелді?
— Әрбір әлеуметтік топ өкілдері қандай қызмет атқарды?
— Хандардың, би, батырлардың басшылық рөлі мен шешімдері қаншалықты маңызды болды?
Оқушыларға мәтін таратылады.
1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен),Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқаниеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-руларҚызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақайдаласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.
Терминдермен жұмыс clil бойынша
 хан
 би
 батыр
 уәзір
 төлеңгіттер
 қарапайым халық
Топтық жұмыс.Үш топқа кестені толтыруға тапсырма беріледі:
Әлеуметтік топтар Айырма
шылығы Маңызы
І Түркі кезеңі
ІІ Моңғол шапқыншылығы
ІІІ
Қазақ хандығы кезеңі
Әр топ берілген тапсырманы орындап, жауаптары тыңдалады. Қажет болса толықтырылып, кері байланыс беріледі.
Жеке жұмыс. Кілт сөздер беріледі:Хан, би, сұлтан, батыр, рубасы, уәзір, төлеңгіттер, қарапайым халық, құл.Оқушылар әрбір әлеуметтік топты қоғамдағы рөліне қарай жылқы бейнесіне орналастырып, не себепті екенін түсіндіруі тиіс.
Төрт шағын топтарға тапсырмалар беремін.
І топтың тапсырмасы: Қарақұмдағы құрылтайдың не себепті өткендігін анықтау және құрылтайда қаралған мәселелердің шешімін айту.
ІІ топтың тапсырмасы:«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының зардаптары туралы айту.
ІІІ топтың тапсырмасы: Бұланты бойындағы шайқастың маңызын айту.
ІҮ топтың тапсырмасы:
Аңырақай шайқасының маңыздылығын айту.
Тапсырма орындалған соң «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалатамын
«Сәйкестендіру» әдісі
«Шабуылдау себептері мен жеңілу себептерін анықтау»
Оқушыларға екі бағанаға парақшаларда берілген сөйлемдерді дұрыс орналастыруды тапсыру
Оқушылар берілген сөйлемдерді қазақтардың жеңілу себептері немесе жоғарлардың шабуылдау себептері бағаналарына сәйкес салыстыра отырып орналастырады, жіктейді. Тапсырманы орындап болған соң, неліктен осылайша сұрыптағанын тұжырымдайды.Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма:“Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар хандықты нығайтуда қандай рөл атқарды?”деген тақырыпта
40-55 сөзден тұратын мақала жазыңыздар

http://el.kz/m/articles/view/%D0%90%D2%9B%D1%81%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BA-1

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010.

Артықбаев Ж.О. Қоғам және этнос (XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы). –Павлодар, 2004.

Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996.

Қазақ тарихы ғылыми әдістемелік журнал. №5, №3, №4, №2, 2010.

Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы. Оқулық. / Алматы, Кітап баспасы, 2010. 336-б.

Сабақтыңсоңы
38-40 мин Рефлексия
“Плюс – минус – қызығамын ” кестесін толтырыңыз:

Плюс (+)
Минус (-)
Қызығамын (?)

Стикер
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау – оқушылардың материалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Тілді жетік меңгермеген оқушыларға өз ойын жеткізуге мүмкіндік беру. Термин сөздермен жұмыс жасау негізінде сөздік қорларын дамыту және сабақта пайдалануына мүмкіндік беру. Ойын жеткізе алуына қолдау көрсету.
1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
2. Сабақ барысында оқушылар өзіндік ой түйіп, пікірі қалыптасады.
3. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып өз ойын ашық, дәлелді жеткізе алады. Дерек мәліметтерін негізге ала отырып, дәлелді аргумент бере алған, сонымен қатар өзгерістерді анықтап және тарихи сабақтастығын көрсетіп, өз ойын жеткізген оқушылар бағаланады. Сабақта оқушылардың іс -әрекеттерін ауыстырып отыру

Сабақ бойыншарефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *